Математика Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу (есептер шығару).
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік тақырыбы бойынша есептер шығару.
- Теориялық білімді жүйелеу және бекіту.
Дамытушылық
- Есте сақтау қабілетін дамыту.
- Теориялық білімді практикада қолдануға дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Топпен жұмыс істеуге және өзгенің пікірін тыңдауға үйрету.
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Көрнекілік
Үлестірме материалдар.
Сабақтың форматы
- Сабақтың типі
- Білімді бекіту
- Сабақтың әдісі
- Топпен жұмыс
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, оларды топтарға бөлемін.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы бойынша орындалған жұмыстар талданып, қажет тұстары нақтылайды.
III. Қызығушылықты ояту
«Не білемін?» бөлімі арқылы негізгі ұғымдарды еске түсіреміз.
Қайталау және сұрақ-жауап
- 1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік дегеніміз не?
- 2. Теңсіздікті шешу дегеніміз не?
- 3. Мәндес теңсіздік дегеніміз не?
- 4. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешудің жолдары қандай?
- 5. Егер a = 0 және b < 0 болса, теңсіздіктің шешімі қандай болады?
- 6. Егер a = 0 және b > 0 болса, теңсіздіктің шешімі қандай?
IV. Мағынаны ашу
«Кубизм» стратегиясы арқылы деңгейлік тапсырмалар орындаймыз.
Стратегия: Кубизм
A-деңгей
№1013
1-есеп
Берілген теңсіздік
3x − 7 < x + 1
Шешуі
- 3x − x < 1 + 7
- 2x < 8
- x < 4
Жауабы
(-∞; 4)
2-есеп
Берілген теңсіздік
2 + x > 8 − x
Шешуі
- x + x > 8 − 2
- 2x > 6
- x > 3
Жауабы
(3; +∞)