Дәптерге күнді жазу
Мақсат және міндеттер
Бұл сабақта оқушылар судың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлін тәжірибе арқылы түсініп, өз өңіріндегі су айдындарының пайдасын бағалауға үйренеді. Сонымен қатар, табиғатты аялау мәдениеті мен суға жауапкершілікпен қарау дағдылары қалыптастырылады.
Түсінік қалыптастыру
- Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
- Жергілікті су айдындарымен таныстырып, олардың аймаққа пайдасын ұғындыру.
Зерттеу және сипаттау
- Судың түсін, мөлдірлігін, иісін, тазалығын сипаттау.
- Судың ауызсуға және өсімдіктерді суаруға жарамдылығын талдау; жарамсыз болса, себебін анықтау.
Тәрбиелік бағыт
Адамзат тыныстап, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғауға, су ресурстарын үнемдеп, ұқыпты пайдалануға үйрету.
Көрнекіліктер мен құралдар
Сабақта тәжірибе жасауға және бақылауға арналған қарапайым құралдар қолданылады. Бұл оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын арттырып, қорытындыны өздері жасауына мүмкіндік береді.
- Глобус, карта
- Тәжірибе үстелі, пробиркалар, штатив
- Құм, саз, қант, тұз, ас содасы
- Шай, кофе, су, шыны
- Майшам (қыздыруға арналған)
Сабақ барысы
Психологиялық дайындық
Оқушылар шеңберге жиналып, мұғаліммен бірге сабаққа сәттілік тілейді. Көңіл күйді қысқа сөзбен білдіреді: «Тамаша!», «Жақсы!», «Орташа!»
Айтылатын шумақ:
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып, білім аламыз.
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар судың қасиеттері мен оның жай күйі туралы білімдерін жинақтайды.
Сұрақ
Судың қандай қасиеттерін білеміз? Оны қалай дәлелдейміз?
Сұрақ
Судың қандай үш жай күйі болады? Бір күйден екінші күйге қалай өтеді?
Судың жай күйі
Сұйық
Су
Газ
Бу
Қатты
Мұз
Жаңа тақырыпқа кіріспе
Оқушылар дәптерге күнді жазады. Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, «Адам өміріне не қажет?» сұрағына жауап береді.
Адам өміріне қажет
- Тамақ
- Су
- Ауа
- Жарық
- Жылу
Бүгінгі сабақта топпен жұмыс істеп, тәжірибелер арқылы судың қасиеттерін анықтаймыз.
Тәжірибелер: «Су — еріткіш»
Оқушылар әр тәжірибеден кейін қорытындысын дәптерге жазады және бақылауларын салыстырады.
1-тапсырма (1-топ)
Қантты суға салып, қорытынды жасаңыз.
1-тапсырма (2-топ)
Тұзды суға салып, қорытынды жасаңыз.
2-тапсырма
Ас содасын суға салып, қорытынды жасаңыз.
3-тапсырма
Шай мен кофені суға салып, қорытынды жасаңыз.
Бақылау сұрақтары
- Суға салған заттар не істеді?
- Судың түсі өзгерді ме?
- Судың дәмі өзгерді ме?
Қорытынды
Су — еріткіш.
Тәжірибелер: «Еритін және ерімейтін заттар»
4-тапсырма
Сазды суға салыңыз да, нәтижесін жазыңыз.
Су лайланады, ыдыстың арғы жағындағы зат көрінбейді.
4-тапсырма
Құмды суға салыңыз да, нәтижесін жазыңыз.
Құм суға араласқанымен, ерімейді; мөлдірлік төмендейді.
Назар аудару: Суда ауа да ери алады және сумен араласады.
Мұғаліммен бірге тәжірибе: булану және еріген қоспалар
- Таза суды шыны бетіне тамызып, астынан майшаммен қыздырамыз.
- Су буға айналып ұшады, ал шыны бетінде ақшыл дақ қалады.
Түсіндіру
Бұл — судың құрамында еріген заттардың бар екенін көрсетеді. Әсіресе ащы (минералды) суларда еріген тұздар көбірек болады.
Ерімейтін заттар
Саз, құм
Су
Буланады
Еритін заттар
Қант, тұз, сода, шай, кофе
Ойлануға сұрақ
Бидай дәні топырақта өніп, өсуі үшін қандай жағдай жасауымыз керек?
Негізгі түйін
Тіршілік судан басталады.
Деректер мен дәйектер
Су бар жерде тіршілік бар: жайқалған бақ, сыңсыған орман-тоғай, бітік егін, мыңғыраған мал, қуатты су электр станциялары. Сондықтан қазақ «Сулы жер — нулы жер» дейді. Мұндағы «нулы» — қалың орман, көгерген мекен.
Су — тіршіліктің ғана емес, тазалық пен пәктіктің де белгісі. Қазақ халқы суды қадірлеп, оны адамға да, жан-жануарға да, өсімдікке де тіршілік беруші деп санаған.
Дәстүрлі түсінікте суды бермеу, судан тарықтыру — ең ауыр қылмыстардың бірі. Қонаққа алдымен сусын ұсыну — құрметтің белгісі болған.
Діни-өнегелік ұстанымдарда да су бөлісу — адамгершіліктің өлшемі. «Бір жұтым суын бөліспеген адам Алла тағаланың алдында күнәһар» деген сөздің мәні — игілікті бөлісуге, қамқор болуға шақыру.