ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген күйшілердің есімін ата
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық би өнері
Бұл сабақта қазақ халқының ұлттық би өнерінің қалыптасуы, сахналық мәдениет, сондай-ақ туған жерге деген құрмет сезімін өнер арқылы тәрбиелеу қарастырылады.
Әдістер
Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілік
Баян, оқулық, бүктемелер
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, Қазақстан тарихы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қазақ халқының ұлттық би өнерінің қалыптасуы туралы мағлұмат беру; оқушыларды туған елін, жерін құрметтеуге, мәдениетті әрі өнерлі болып өсуге баулу.
Тәрбиелік
Ж. Бегманованың «Туған жер» әнін үйрету арқылы балалардың отаншылдық сезімін күшейту, өнерге құрмет пен әдеп мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру, ұлттық өнерге қызығушылығын ояту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын пысықтау
- Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің?
- Африка халқының аспаптары неден жасалады?
- Сөзжұмбақ шешу: «Күйші».
III. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру
- Аспаптық музыка дегеніміз не?
- Күй дегеніміз не?
- XVIII ғасырда өмір сүрген күйшілердің есімдерін ата.
- XIX ғасырда дәстүрлі күйшілік өнерге үлес қосқан ірі тұлғаларды ата.
- XIX ғасырдың екінші жартысында дәстүрлі ән өнеріне зор үлес қосқан әнші-композиторларды ата.
- Дәстүрлі әншілік өнер ерекшелігіне қарай қандай мектептерге бөлінеді?
- Дәстүрлі әндерді бізге жеткізген әншілердің есімдерін ата.
IV. Жаңа сабақ
1) Қазақтың ұлттық би өнерінің қалыптасуы туралы әңгімелеу.
2) Ш. Жиенқұлованың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу.
3) Жергілікті сазгер, биші, ақын Ж. Бегманованың «Туған жер» әнін үйрету және орындау.
V. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру
- Ш. Жиенқұлова қандай өнер адамы?
- Ж. Бегманова қай жерде дүниеге келген? Ол қандай өнер адамы?
- Қазақстанда алғаш құрылған қандай ән-би ансамбльдерін білесің?
- Сахнада өз өнерімен халыққа танымал болып жүрген қандай бишілерді білесің?
VI. Жаңа сабақты бекіту
- Қазақ халқының би өнері қай ғасырда өріс алды?
- XIX–XX ғасырларда өмір сүрген бишілердің есімдерін ата.
- Би өнеріне өз үлесін қосқан бишілерді ата.
VII. Қорытындылау
- «Туған жер» әнін қайталап үйрену және орындау.
- Сөзжұмбақ шешу: «Биші».
VIII. Үй тапсырмасы
«Туған жер» әнін жатқа айтып, орындауға дайындалу.
IX. Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының дәлдігі және орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.