Түлкі мен қоян ертегісі

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас. Денсаулық.
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Түлкі мен қоян» ертегісі

Мақсаты

  • Ертегінің мазмұнын әңгімелеп айтуға және дыбыстық талдау жасауға үйрету.
  • Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
  • Сұраққа жауап беру дағдысын қалыптастыру.
  • Балаларды батырлыққа, өжеттілікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар

  • Үлестірмелі қима материалдар
  • Түрлі түсті қарындаштар
  • Жануарлардың суреттері

Сөздік жұмыс

Айлакер

Билингвальды компонент

түлкі
лиса
қоян
заяц
қасқыр
волк

Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Амандасу және көңіл күйді көтеру

Тәрбиеші: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі күнді жақсы көңіл күймен қарсы алайық. Бүгін барлығымыз үшін сәтті болсын!»

Күннің көзі ашылсын, Көкке шуақ шашылсын. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Ал, қанекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге!

Балалар: «Сәлеметсіздер ме, апайлар!»

Тәрбиеші: «Жарайсыңдар! Енді орындарымызға жайғасайық.»

Жұмбақ арқылы тақырыпқа шығу

Жиып-теріп болатын, Қамба астыққа толатын, Қызыл қырман ойнайтын — Қай мезгіл деп ойлайсың?

Жауап: Күз.

Сұрақтар

  • Күз мезгілінде неше ай бар?
  • Күз айларын атап беріңдер.
  • Күз туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Ертегіге кіріспе

  • Балалар, сендер ертегіні ұнатасыңдар ма?
  • Қандай ертегілерді білесіңдер?

Жануарлар туралы жұмбақтар

  1. Өзі айлакер, өзі бір қу, жүрген жері айқай да шу.
  2. Көзі тостақ, өзі қорқақ.

Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

Суретпен жұмыс және сөздік түсіндіру

Тәрбиеші: «Ненің суретін көріп тұрсыңдар?»

Балалар: «Түлкі мен қоян.»

Тәрбиеші: «Бір сөзбен бұларды қалай атаймыз?»

Балалар: «Жануарлар (аңдар).»

Тәрбиеші: «Түлкі мен қоянды сипаттап беріңдер.»

Қорытынды: Түлкі — айлакер аң, қоян — қорқақ аң.

«Айлакер» — амалын тауып, қулығымен мақсатына жететін адам немесе аң.

Ертегімен танысу: «Түлкі мен қоян»

Ерте, ерте, ертеде түлкінің құйрығы жоқ еді. Қасқырмен тату тұрмаған соң, үнемі қашып жүреді екен. Ізін жасыра алмай қиналыпты. Сол үшін қасқыр түлкінің артынан еріп, аңдып жүріп оның ініне түсіпті. Түлкі іннің екінші тесігінен шығып кетіпті. Шығып кетпесе, қасқыр түлкіні жеп қояр еді.

Сөйтіп түлкі орманда қайғырып келе жатып, ағаш түбінде отырған қоянды көреді. Ол кезде қояндардың құйрығы ұзын болып, жүгіруіне кедергі келтіреді екен. Түлкі жүгіріп барып қоянды ұстап алады. Қоян қорыққанынан: «Түлкішек, мені жібере салшы, мен саған құйрығымды сыйлайын», — депті.

Міне, содан бері түлкінің құйрығы ұзын әрі әдемі болыпты, ал қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.

Талдау сұрақтары

  • Ертегі сендерге ұнады ма?
  • Ертегіде не туралы айтылған?
  • Ертеде түлкінің құйрығы қандай болған?
  • Түлкі қасқырдан қалай құтылды?
  • Түлкі орманда нені көрді?
  • Қоян түлкіге не деп өтінді?

Билингвальды қайталау

Сөздерді екі тілде атап, есте сақтаймыз:

түлкі
лиса
қоян
заяц
қасқыр
волк

Сергіту сәті

Дүйсенбіде доп ойнадық аулада, Сейсенбіде серуен құрдық далада. Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп, Бейсенбіде би биледік әндетіп. Жұма күні жидек тердік қыратта, Сенбі күні кино көрдік клубта. Жексенбіде үйде болып дем алдық, Осылайша өте шықты бір апта.

Дыбыстық талдау және дидактикалық ойын

«Түлкі» сөзі неше буыннан тұрады? Сөзге дыбыстық талдау жасайық.

  • Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?
  • Дауыссыз дыбыстарды ше?
  • «Түлкі» сөзі қай дыбыстан басталады? Ол дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

«Буындарды жалғастыр» ойыны

Берілген буындарды жалғастырып, сөз құрастырамыз:

түл — … қо — … кө — … қас — … жол — … арыс — …

Қорытынды тапсырма

Алдарыңдағы қағаздағы үзік сызықтарды қосып, қандай аң бейнеленгенін анықтаңдар.