Жемістердің суретін салу

Сабақтың тақырыбы

Тұқым және жеміс

Білімділік

Оқушыларға өсімдіктердің өніп-өсуі мен жетілуі туралы ұғым беру; құрғақ және шырынды жемістермен таныстыру.

Дамытушылық

Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге қызығушылығын, логикалық ойлауын, есте сақтауын және шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Қоршаған ортаны қорғауға баулу арқылы экологиялық тәрбие беру.

Әдіс-тәсілдер

  • Топтастыру
  • Түртіп алу
  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап

Көрнекілік және сабақ түрі

  • Интерактивті тақта
  • Тірек сызбалар мен суреттер
  • Үлестірмелі парақшалар
  • Жемістер үлгілері
  • Ойын, жұмбақ арқылы зейінді дамыту

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп, өнер тап,
Түнді күндей ашатын.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: «Жапырақ. Күзде неге сарғаяды?»

  • Мазмұнын айту
  • Сұрақ-жауап

Ойын: «Жеміс-жидектер жинау»

Мақсаты: өткен тақырыпты пысықтау

Оқушылар жемісті таңдайды. Әр жемістің артында сұрақ жасырылған.

  1. Өсімдіктердің тірі ағза екенін дәлелде.
  2. Жапырақтар нені жұтады, нені бөліп шығарады?
  3. Топырақтың құрамын ата.
  4. Сабақтың қандай түрлері бар?
  5. Тамырдың атқаратын қызметі қандай?
  6. Бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын не үшін сүртіп, су бүркіп отырады?
  7. Өзің тұратын жердегі мал жейтін шөптерді ата.
  8. Өсімдік мүшелерін ата.
  9. Сабақтың қандай түрлері бар?
  10. Қураған жапырақтың қандай пайдасы бар?
  11. Жапырақтың түсі қалай өзгереді?
  12. Топырақтың атқаратын қызметі қандай?

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы — «Тұқым және жеміс». Яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз.

Жеміс қайдан пайда болады?

Күнделікті жейтін жемістерді ата-анамыз күтіп-баптап өсіреді. Бірақ жеміс қалай түзіледі? Оны сызба және суреттер арқылы түсіндіруге болады.

  • Өсімдікте гүл, жеміс және тұқым болады.
  • Тұқым құнарлы жерге түседі.
  • Қолайлы жағдайда тұқымнан тамыр пайда болады.
  • Тамыр тереңге бойлайды, сабақ күнге қарай өседі.
  • Сабақта жапырақтар мен гүлдер түзіледі.
  • Гүл ашылғаннан кейін сол жерде жеміс пайда болады.
  • Жемістің ішінде тұқым болады.

Жемістің түрлері

Жеміс екіге бөлінеді:

Құрғақ жеміс

Қабығы қатқылдау, ылғалы аз болатын жемістер.

Шырынды (жұмсақ) жеміс

Еті шырынды, жұмсақ, ылғалы мол жемістер.

Барлық өсімдіктер жемістің ішінде болатын тұқым арқылы көбейіп, өсіп-өнеді.

Өсімдіктерге мысалдар

Қайың

  • Жарықты жақсы көреді, топырақты талғамайды.
  • Аязға төзімді.
  • Тұрмыстық заттар мен жиһаз жасауға пайдаланылады.
  • Емдік қасиеті бар, шырыны алынады.
  • Жемісі — жаңғақша; тұқымынан өседі.

Жөке ағашы

  • Жемісі — жүрек тәрізді жаңғақша.
  • Гүлдеу мерзімі: 10–15 күн.
  • Дәрілік қасиеті бар.
  • Күздің соңына дейін жайқалып тұрады.
  • Тұқымы желмен немесе кеміргіш құстар арқылы таралады.

Бақбақ

  • Гүлі ақ-сары түсті.
  • Жемісі — «дәнек» деп аталады.
  • Жел арқылы таралады, сабақ ұшында орналасады.
  • Мал азығына және тағамға пайдалы.

Мысалдар: бидай, жүгері, жаңғақ, өрік, шие, жүзім, қияр, қарбыз, алма, бұршақ, күріш, тары, үрмебұршақ және т.б.

IV. Оқулықпен жұмыс

Оқушылар мәтінді әр абзац бойынша тізбектей оқиды:

  • Жемістің пайда болуы
  • Тұқым мен жемістің әр өсімдікте пісіп-жетілуі

Тұқымның алуан түрлілігі

Өсімдіктердің тұқымы алуан түрлі болады (жергілікті табиғатпен байланыстыру).

  • Шырша — бүр
  • Қарағай — бүр
  • Емен — жаңғақ

Тұқымы жемістің ішінде болатын өсімдіктер

Мысал келтіріңдер: алма, қауын, қарбыз, қияр және т.б.

V. Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

VI. Топтық жұмыс

I топ

Шырынды жемістердің суретін салу.

II топ

Құрғақ жемістердің суретін салу.

III топ

Үлпілдек тұқымды өсімдікке мысал келтіру (желмен таралатын тұқымдар).

VII. Жұмбақ шешу

Көктемде жерге сенемін,
Ылғалда өсіп-өнемін.
Менің өскен жемісім,
Қыс бойғы сенің қорегің.

Жауабы: тұқым

Аспай піскен,
Қайнамай түскен.

Жауабы: жеміс

VIII. Қорытынды

  1. Өсімдік не арқылы көбейеді?
  2. Тұқым қалай тарайды?
  3. Жемістер қалай бөлінеді?

IX. Үйге тапсырма

  1. «Тұқым және жеміс» мәтінін оқу.
  2. Жемістердің суретін салу.

X. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының толықтығы және топтық жұмыстағы белсенділігі бойынша бағаланады.