Неткен уайым
Мұқағали Мақатаев
Сен шақырсаң, мен бармай,
Мен шақырсам, сен келмей,
Төбелескен жандардай,
Ерегескен елдердей,
He көрінді біздерге?
Heгe бұлай, апыр - ау!?
Бірін - бірі іздеуде,
Біздің көңіл, батыр - ау!
Мейлі жүрек жыласын,
Тереңдесін батқан мұң.
Алауыздық сынасын,
Арамызға қаққан кім?
Ренжіттің мені сен,
Ренжіттім мен сені.
Өмірімнің өрісі ең,
Өзімнен де еңселі.
Пай, пай!
Неткен уайым!
Бұлдыраған сағымдай.
Көңіліміздің лайын,
Құрғатар жан табылғай...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Концептілік жүйе - концептілік құрылымдардың реттелген формасы
Қазақ тіл білімінде концептілердің зерттелуі
Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі тартыс
Бағзыдан жеткен баба жыр
Бөлек жазылатын сөздер
Ахмет иасауи
Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі
Өзін-өзі өлтіру — өзін өмірден қасақана айыру (суицид)
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мұхтар әуезов шығармаларындағы қорғансыздар бейнесі
Саша уайымдаған пішінмен
Неткен әйел
Ана өмірдегі неткен асыл жан
Күз неткен керемет
Түймеқыз сен уайымдама
Райқан уайымда
Қасым ағамыз айтқандай, неткен керемет елім
Балалар сендер неткен керемет едіңдер, сендерде менің балапаным сияқтысыңдар
Неткен сұлу, неткен көркем
Жап - жарық неткен айналаң