Топ есебін айту

Танымдық ойын 5-сынып Патриоттық тәрбие

«Елім менің» танымдық ойыны

Бұл материал 5-сынып оқушыларына арналған «Елім менің» танымдық ойынын өткізуге арналған жоспар-мазмұн. Ойын барысында оқушылар Қазақстан туралы білімдерін жүйелейді, тілдік дағдыларын дамытады және ұлттық құндылықтарға құрметін нығайтады.

Қатысушылар

5-сынып оқушылары

Топтар

«Бәйтерек», «Қырандар»

Жүргізуші

Арма ағай

Мақсаты

  • Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың білімін жинақтап, таным көкжиегін кеңейту.
  • Ойлау мен сөйлеу дағдыларын дамыту, өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге баулу.
  • Туған халқына, Отанына және тарихи тағдырына құрмет сезімін қалыптастыру; патриоттық тәрбие беру.

Көрнекіліктер мен құралдар

  • 1 «Елім менің» жазуы бар плакат
  • 2 Қазақстан Республикасының картасы
  • 3 Безендіру құралдары
  • 4 Интерактивті тақта

Топтармен таныстыру

1-топ: «Бәйтерек»

Ұраны: Ана тілің — арың бұл, ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.

2-топ: «Қырандар»

Ұраны: Ана тілім өркенде,
Бола бер күшті, көркем де.

Марапат

Жеңімпаздарға еліміздің салт-дәстүрін насихаттайтын құнды кітаптар табысталады.

Ойын барысы

Ойын 6 айналымнан тұрады. Әр тапсырма оқушылардың білімін, тіл байлығын және топтық жұмысын бағалауға бағытталған.

1-айналым: «Қанат қақты» (топтар сайысы)

Әр дұрыс жауапқа — 1 ұпай

Интерактивті тақтадан мультхикая үзіндісі көрсетіледі, соның негізінде сұрақтар қойылады.

Үлгі сұрақтар

Сұрақ:
Алдар көсе тауықты қалай сатты?
Жауап:
Оны Қытай патшасының сүйікті тауығы деп бағалап сатады.
Сұрақ:
Алдар көсенің аты мен қойын ұрлаған ұрыға қандай қулық жасайды?
Жауап:
«Мойнымда үлкен гауһар тасым бар еді, құдыққа түсіп кетті» деп алдап, айласын асырады.

Қосымша: Музыкалық әуенді тауып айтқан топқа 2 ұпай қосылады. Соңында әнді бәрі бірігіп орындайды.

2-айналым: Тіл шеберлігі

1-бөлім: «Өнер алды — қызыл тіл»

Ұпайы көп команда бастайды. Тапсырма: берілген сөздерді топ болып дұрыс оқып шығу.

  • 1-топ: Түксию, Үйпалау, Жақұттай
  • 2-топ: Күлдіреуіш, Сықырлауық, Саябырсыды

2-бөлім: Тұрақты сөз тіркестері

Мағынасын табу (баламасын айту).

  • Құлағына кірмеу: ұқпау, түсінбеу
  • Ішіне ел қону: тою, жүрек жалғау
  • Жұлдызы оңынан туу: жолы болу
  • Мінезі ауыр: салмақты, сабырлы
  • Ұзын құлақ: өсек, лақап сөз
  • Сабасына келу: ашуы тарқау

3-бөлім: Көнерген сөздер

Әр топ өзі дайындаған көнерген сөзін жасырып, үш нұсқа ұсынады.

1-топ: «Байрақ»

A) Ту   Ә) Елорда   Б) Елтаңба

2-топ: «Ашамай»

A) Ыдыс атауы   Ә) Балаға арналған ер   Б) Сыйлы қонаққа берілетін кәде

Бұл айналымдар арасында «ән жұмбақ» тапсырмасы беріліп, ұпай есебі хабарланып отырады.

3-айналым: «Шарықтау» (топбасшылар сайысы)

Жүргізуші елімізге әйгілі тұлғалар туралы қысқаша мәлімет береді. Топ мүшелері тұлғаның есімін табуы керек.

1-топқа

Ыбырай Алтынсарин, Фариза Оңғарсынова, Бауыржан Момышұлы, Нұрсұлтан Назарбаев, Алдар көсе, Илья Илин, Мұхтар Шаханов, Мейрамбек Беспаев, Роза Рымбаева, Әл-Фараби.

2-топқа

Абай Құнанбаев, Сара Назарбаева, Бибігүл Төлегенова, Дулат Исабеков, Ахмет Ясауи, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынов, Шәмші Қалдаяқов, Серік Сәпиев, Қожанасыр.

4-айналым: Бейнесюжет бойынша сұрақ

Көрініс немесе бейнесюжет көрсетіледі. Топтар сұраққа бірлесе жауап береді. Қажет болса жанкүйерлердің көмегіне жүгінуге болады.

Сұрақ:
Бала қандай тойға шақырып келді?
Жауап: Сүндет той.
Сұрақ:
Бұл дәстүр қалай аталады?
Жауап: Аужар.

5-айналым: Білімді бекіту

1-бөлім: «Жерұйық» (сенемін / сенбеймін)

Жүргізуші сұрақ қояды, топ «сенемін» немесе «сенбеймін» деп жауап береді, кейін дұрыс жауап айтылады.

1-топқа сұрақтар

  • Сұрақ: Жеңіс туын Рейхстагқа тіккен қазақ екеніне сенесің бе? Жауап: Рақымжан Қошқарбаев.
  • Сұрақ: Ғарыш айлағы Қазақстанда екеніне сенесің бе? Жауап: Байқоңыр.
  • Сұрақ: «Екінші Мекке» Қазақстанда екеніне сенесің бе? Жауап: Түркістандағы Ахмет Ясауи кесенесі.

2-топқа сұрақтар

  • Сұрақ: 1997 жылы астана Алматыдан Астанаға көшірілгеніне сенесің бе? Жауап: Иә, 1997 жылы көшірілді.
  • Сұрақ: Мырыш пен вольфрам қоры бойынша Қазақстан әлемде 5-орында тұрады дегенге сенесің бе? Жауап: Жоқ, 1-орында.
  • Сұрақ: Қазақстан жер көлемі жөнінен 7-орында дегенге сенесің бе? Жауап: Жоқ, 9-орында.

2-бөлім: Шешендік сөздің авторын тап

1-топқа

Атадан ұл туса — игі,
Ата жолын қуса — игі.
Өзіне келер ұятын
Өзі біліп тұрса — игі.
Жаудан бұққан немені,
Ортадан қуса — игі!

Жауап: Төле би

2-топқа

Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін.
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.

Жауап: Әйтеке би

3-бөлім: «Тауып айт»

  • 1-топ: Қазақша өлшем бірліктер қалай айтылады? (берілетін зат: ұзын таяқ)
  • 1-топ: «Уыс» дегеніміз не, «елі» дегеніміз не? (берілетін зат: ыдыста су, бидай)

4-бөлім: Картамен жұмыс

  1. Картадағы Солтүстік Қазақстан облысында көрсетілген қай қала?
  2. Картада көрсетілген Оңтүстік Қазақстан облысындағы қай өзен?

Айналым соңында 5-айналымның қорытынды есебі шығарылады.

6-айналым: «Тауып көр» (түсіp қалған сөзді толықтыру)

Мақал-мәтел немесе өлең жолындағы түсіп қалған сөзді тауып, орнына қою.

1-топқа үлгі тапсырмалар

  1. .... балпақ, басың неге жалпақ. (бақа)
  2. Досқа күлкі, дұшпанға .... (таба)
  3. Жабырқау болу, мұңаю — .... болу. (қапа)
  4. Үлкендер жасқа .... береді. (бата)
  5. Нан пісіретін ыдыс — .... (таба)
  6. Жеті күн — .... (апта)

Қорытынды

Ойын соңында жалпы ұпай саны есептеліп, жеңімпаздар марапатталады.

Жүргізушінің кіріспе сөзі (үлгі)

Армысыздар, ағайын! Туған елдің тарихын танытып, тілін асқақтатып, даңқын арттыратын «Елім менің» ойынына қош келдіңіздер! Бүгін мектебімізде өтетін сайысқа қатысушы топтармен танысайық.