Қашан тоба қылғанымша
Ыбырай Алтынсарин өлеңі
Азған елдің хандары,
Тақ үстінде отырғандары.
Жарлыдан алып байларға,
Сыйлар берсе керек – ті.
Азған елдің қожасы,
Қыдырып келер есікке.
Бұл үйде кім бар екен деп,
Көзін салар тесікке.
Балаларын бастырып,
Қатындарын састырып,
Төрге қарай ұмтылып,
Тамақ үшін қылғынып,
Дуа қылса керек – ті.
Азған елдің молдасы,
Үлкен болар сәлдесі.
Аса бауыр қылмаңыз,
Оның рас емес олдасы.
Көрмей – білмей біреуге,
Куәлік берсе керек – ті.
Азған елдің биінің,
Барар болсаң алдына.
Алым берсең тамағына,
Қарар ма ол сенің әліңе.
Қорадағы малыңа,
Төре берсе керек – ті.
Азған елдің байлары,
Ұлық тұтар басын – ай.
Қайда дәулетті адам болса,
Берер соған асын – ай.
Көзін сүзіп бір кәріп,
Төгіп келсе жасын – ай.
Бермек түгел, бейшараны
Масқара қылса керек – ті.
Береке кеткен елдерде
Күн қысқарса керек – ті.
Алатаудай атаға,
Ұл қышқырса керек – ті.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпытқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан.
Суық болса жөргектеп,
Қорғасын оқтай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Айдынды көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Исін жұпар аңқытқан.
Сондай сорлы анаға,
Қыз қышқырса керек – ті.
Азған елдің адамына
Айтсаң тілді алмаған.
Кетсе шалап жия алмағай.
Бір Тәңірдей ұялмағай,
Бүгін тоба қылайын.
Қашан тоба қылғанымша.
Үзіп – жұлқып алайын ,- деп,
Өлшеп берген өмірін
Зия қылса керек – ті...
Ыбырай Алтынсарин өлеңдері, өмірбаяны
Бейімбет Майлин. (жазушы)
Көңіл - күй одағайлары
ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРШI ЕЛДЕРМЕН САЯСИ ЖАҒДАЙЫ
Одағай сөз таптары
Түрік қағанатының сыртқы қарым - қатынасы тарихы
Түрік қағанаты мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті
Тобанияз Әлниязұлының қазақ тарихындағы орны
Қазақ тіл біліміндегі одағай сөздер
Сөз таптары жүйесіндегі одағай сөздер
Отбасы – көркем әдебиетте
Ананың ақылы әрқашанда дұрыс шешім
Менің бар арманым анамды әрқашан қуантып жүру
Қазақ даласы, оның ішінде Баянауыл өңірі, қашанда біртуар тұлғаларға кенде болған емес
Құланотыға бригадир құтаймағалы қашан
Елмен ақыладаса отырып, халқына арқа тіреген Президентке елі әрқашан қолдау білдіре бермек
Жұмақ ана табанының астында, сол жұмақ есігін ашам десең ешқашан анаңды ренжітпе
Ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумын бітіргеннен кейін Соликамск (Ресей, Пермь облысы) қаласында автобаза директоры қызметін атқарған
Мұның бәрі Нұр ағаның жемісі, Әрқашанда алда жүрді жеңісі
Шаршамаңыз ешқашан, Бізге білім беруден
Менің ата анам ұрмайды және ешқашан ұрысқан емес