Өтілген материалдарды қайталау
Сабақтың тақырыбы
Менделеев – Клапейрон теңдеуі
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға Менделеев – Клапейрон теңдеуін қорытып, изопроцестердің түрлерін меңгерту; есептер шығаруда тиімді қолдануға үйрету және оқу нәтижелерін бағалау.
Оқытушылық
- Өтілген тақырып бойынша білімді белсендіру.
- Анықтамалармен, формулалармен және өлшем бірліктерімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
- Өтілген материал бойынша білім деңгейін анықтау.
Дамытушылық
- Теориялық білімді практикада қолдану білігін қалыптастыру.
- Жеке қабілетті дамыту; белсенділік пен қызығушылықты арттыру; өздігінен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.
- Еске сақтау мен ойлауды дамыту; термодинамикадағы жұмыс, энергия және жылу мөлшері формулаларын бекіту.
- Есеп шығару қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
- Топтық жұмыс мәдениетін қалыптастыру.
- Адамгершілік пен ұйымшылдықты сақтай отырып, ұжымда жұмыс істеу қабілетін дамыту.
- Икемділік пен жауапкершіліктің дамуына ықпал ету.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың типі
Қайталау және білімді жүйелеу сабағы.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Практикалық, жекелей, топтық және жалпылай жұмыс.
Пәнаралық байланыс
Биология, химия, математика.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- 1 Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- 2 Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- 3 Оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындау.
II. Өтілген материалдарды қайталау
Алдыңғы тақырыптар бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіріп, оларды есептер шығаруда қолдану дағдыларын жүйелеу.