Қосөзен өркениетін негіздеген кімдер
Сабақтың тақырыбы
Ежелгі Қосөзен мәдениеті.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға Қосөзен мәдениеті туралы жүйелі мәлімет беру: сына жазуы, бейнелеу өнері, сәулет және мүсіндеу, сондай-ақ Әлемнің жеті кереметінің бірі — Аспалы бақ және діни түсініктер.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту, ойлау қабілетін дамыту және білімге құштарлығын арттыру.
Тәрбиелік
Топтық жұмыс арқылы ұжымшылдыққа, бір-бірін сыйлауға және ұйымшылдықпен нәтижеге жетуге тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Көрнекіліктер
- Карта
- Кеспе қағаздар
- Тірек-сызбалар
Түрі мен әдістері
- Сабақтың түрі
- Жаңа материалды меңгерту
- Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап, ауызша баяндау, танымдық ойындар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, топтық жұмысқа дайындау және мақсат-міндеттерді қысқаша таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Кім жылдам?» ойыны
- 1 Қосөзен деп қандай өзендерді айтады?
- 2 Қосөзенде алғаш кімдер мекендеген?
- 3 Қосөзендіктер неге қауымдасып егін еккен?
- 4 Қосөзен өркениетінің негізін қалаған кімдер?
- 5 Қала-мемлекеттер дегеніміз не?
- 6 Вавилонды аккаддықтар қалай атаған?
- 7 Хаммурапи қай жылдары өмір сүрген?
- 8 Навуходоносор қай жылдары билік еткен?
- 9 Вавилонға кірер қақпа қалай аталды және ол қай құдайға арналған?
- 10 Заңдар жинағынан бір мысал келтір.
III. Жаңа сабақ
Ой қозғау
Суреттерге қарап, жаңа сабақтың тақырыбын анықтап, оның мағынасын ашу.