Сергіту сәтін ұйымдастыру

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Табиғаттың үш тірегі: күн, ауа, су

Бұл материалда балаларға табиғаттың негізгі сыйлары туралы түсінік беру, күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін бекіту және қоршаған ортаға қамқорлық мәдениетін қалыптастыру жолдары жинақталған.

Ұйымдастыру және өткен сабақты қайталау

Қайталау сұрақтары

  • Табиғат дегеніміз не?
  • Табиғаттың неше түрі бар?
  • Табиғаттың адамға берген сыйы туралы не айта аламыз?

Күн: жарық пен жылудың көзі

Жұмбақ

Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұр таратқан.

Жауабы: күн

Негізгі мәлімет

Күн — жер бетіне жарық пен жылу беретін жұлдыз. Ол мол энергия бөледі. Күн сәулесі көрінетін және көрінбейтін шуақтардан тұрады; көрінбейтін шуақтардың бірі — ультракүлгін сәуле.

Күн шуағының пайдасы

  • Терімізде адам ағзасына маңызды D дәруменінің түзілуіне көмектеседі.
  • D дәрумені жетіспесе балаларда мешел ауруы пайда болуы мүмкін.
  • Көптеген зиянды микроағзалардың көбеюін тежейді.
  • Тыныс алу және жүйке жүйесіне, қан құрамына оң әсер етеді.

Дәрігер Салауаттың кеңестері (қауіпсіздік)

  • Күнге ұзақ күйінуге болмайды — күйік алуың мүмкін.
  • Күн астында ұзақ қыздырынба.
  • Күннің астында бас киімсіз жүрме.
  • Күн — табиғи дәрі, бірақ оны дұрыс пайдалану керек.

Сергіту сәті

Қимылға арналған өлең

Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға қарады, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.

Ауа: көрінбейтін, бірақ ең қажет

Жұмбақ

Оңынан оқы — тіршілік нәрі,
Солынан оқы — тіршілік нәрі.
Онсыз адам, аң, құс та
Сөне қалар бір мезетте.

Жауабы: ауа

Негізгі мәлімет

Ауа — азот, оттегі, көмірқышқыл газы және басқа да газдардың қоспасы. Солардың ішінде оттегі — тіршілік үшін ең қажеті. Адам да, жануар да, құс та, өсімдік те ауамен тыныс алады.

Қарапайым дәлел және тәжірибелер

1) Мұрынды қысып көру

Ауа болмай тыныс алу қиын екенін байқаймыз.

2) Қалтаға ауа жинау

Ауаның түссіз әрі мөлдір екенін түсіндіреміз.

3) Шарды үрлеу

Шар ауаға толады, ал ауасын шығарсақ, кішірейеді — ауа көлем алады.

4) Су, қағаз және стакан тәжірибесі

Жарты стакан су бетіне қағаз жауып, төңкеріп ұстаймыз. Су төгілмейді, себебі су бетінде ауа бар, ол судың бірден төгілуіне кедергі жасайды.

5) Доппен көрсету және тыныс жаттығуы

Қозғалыс арқылы тыныс алудың маңызын бекітеміз.

Кітаппен жұмыс және талқылау

  • «Ауаны не ластайды?» — қызыл түспен белгіле.
  • «Ауаны не тазартады?» — жасыл түспен белгіле.
  • Адамдар мен өсімдіктер арасындағы ауаның алмасуы туралы әңгіме құрастыру.

Дәрігер Салауаттың кеңесі

Таза ауа — табиғат сыйы. Ауасыз адам баласы тіршілік ете алмайды. Өсімдіктерді күтіп-бапта: олар ауаны тазартады. «Жасыл ел» бағдарламасы аясында ормандарды көбейтіп, қала мен ауылды көгалдандыру — ортақ міндет.

Ауаның қасиеттері

иіссіз дәмсіз көзге көрінбейді түссіз қолға ұсталмайды

Су: тіршіліктің нәрі

Жұмбақ

Кескен болам — кесілмейді,
Кесілсе де — білінбейді.

Жауабы: су

Негізгі мәлімет

Су — өзен, көл сияқты су көздерінде болатын мөлдір сұйық зат. Су жер астында да, жануарлар мен адамдардың ағзасында да кездеседі.

Сусыз тағам піспейді, тазалық сақталмайды, тіршілік те болмайды. Су жолымен қайық пен кеме жүреді.

Тәжірибе: екі стакан су

  1. 1) Таза су

    Бірінші стаканға таза су құямыз.

  2. 2) Тұзды су

    Екінші стаканға тұз салып, дәмін татқызамыз. Тұзды су ішуге жарамсыз екенін анықтаймыз.

Көл, өзен, арықтағы су бау-бақшаны суғаруға жарамды болуы мүмкін, алайда ол әрдайым ішуге қауіпсіз емес. Ішуге тек тазартылған, қауіпсіз су қажет.

Дидактикалық ойын: «Егер де... не болар еді?»

Мақсаты

Қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды табуға үйрету.

Егер күн болмаса...

Әлем үнемі қараңғы әрі қорқынышты болады, гүлдер өспейді.

Егер су болмаса...

Шөптер қурайды, қатты шөлдейміз.

Егер ауа болмаса...

Тыныс ала алмаймыз.

Қорытынды

Қорытынды сұрақтар

  • Күн, ауа, су болмаса өмір сүре аламыз ба?
  • Ауа таза болуы үшін нені көбірек өсіруіміз керек?

Мадақтау

Сабаққа белсенді қатысқан балалар «Қуанышты хабарлама» арқылы марапатталады.

Автор туралы мәлімет

Өңір
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылы
Мекеме
№4 М. Әуезов атындағы мектеп
Тәрбиеші
Махамбетова Тастыбике Базарқызы