Деректі тарихи контекст шеңберіне сал

Сабақ туралы

Пән / Сынып

Қазақстан тарихы, 10-сынып

Сабақ түрі

Қайталау сабағы

Тақырып

Ерте темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер (қайталау)

Сабақтың ұраны

«Рухы биік халықтың іргесі берік»

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі және мәдениеті туралы білімді тереңдету.

Дамытушылық

Тарихи мәліметтермен, хронологиялық даталармен және картамен жұмыс істеу арқылы іздену, талдау, сипаттау дағдыларын дамыту, шығармашылық деңгейін арттыру.

Тәрбиелік

Ұлтжандылық сезімді қалыптастырып, елін-жерін сүйетін, ұлттық рухы жоғары, мәдениетті азамат тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар мен ресурстар

Көрнекіліктер

  • Оқушылардың презентациялық слайд-фильмдері
  • Карта
  • Интерактивті тақта
  • Таратпа материалдар

АКТ құралдары

  • Онлайн интернет байланыс
  • PDF форматындағы презентациялық көрсетілім
  • Бейнематериал

Әдістер мен жұмыс форматы

Негізгі әдістер

Топтық жұмыс Ізденіс жұмысы Сұрақ-жауап Оқулықпен жұмыс Картамен жұмыс Тест Кесте толтыру

Талдау тәсілдері

Деректерді интерпретациялау Алгоритмдік талдау Аналитикалық талдау Семантикалық карта

Сабақ кезеңдері

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сыныпты дайындау, топқа бөлу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

  2. II

    Білімді өзектендіру

    Жазбаша деректермен жұмыс жасау, тарихи контексті талдау.

  3. III

    Сабақты түсіну және қабылдау

    Негізгі ұғымдарды нақтылау, материалды жүйелеу.

  4. IV

    Білімді қорыту және жүйелеу

    Тапсырмалар арқылы қорытынды шығару, байланыстарды анықтау.

  5. V

    Үй тапсырмасын беру

    Келесі сабаққа дайындық тапсырмаларын нақтылау.

  6. VI

    Бағалау

    Топтық және жеке жұмыс нәтижелерін бағалау.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

  • Сынып бөлмесін дайындау.
  • Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
  • Амандасу, қатысым мен дайындықты тексеру.
  • Назарды сабаққа аудару.
  • Тақырып пен мақсатты таныстыру.

Топтар

1-топ

Сақтар

2-топ

Үйсіндер

3-топ

Қаңлылар

4-топ

Ғұндар

2) Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар шағын топтарға бөлініп, «Темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен алғашқы мемлекеттер» тақырыбындағы презентациялық шығармашылық жұмыстарын қорғайды. Жұмыс төмендегі алгоритм бойынша құрылуы тиіс.

Алгоритмдік талдау құрылымы

  1. A Тарихи сипаттама: хронологиясы, орналасқан жері, деректердегі атауы, астанасы.
  2. B Саяси тарихы: ішкі және сыртқы саясат, тайпалар арасындағы алғашқы соғыстар.
  3. C Қоғамдық құрылымы.
  4. D Шаруашылығы.

Тақырып (1-топ)

Сақтар

Тақырып (2-топ)

Үйсіндер

Тақырып (3-топ)

Қаңлылар

Тақырып (4-топ)

Ғұндар

3) Білімді өзектендіру: жазбаша деректерді интерпретациялау

Әр топқа таратпа материалдар беріледі. Материалда ежелгі тайпалар туралы жазбаша дереккөздер ұсынылады. Оқушылар өз тақырыбына сәйкес деректерді іріктеп, тарихи контекст шеңберінде талдау арқылы жауап береді. Бұл тапсырма оқушыларды алған білімін қолдануға және дерекпен жұмыс істеуге үйретеді.

Тапсырма: деректі тарихи контекстке енгіз

  • A) Берілген деректің авторын анықтап, қысқаша сипаттама бер.
  • B) Деректе көрсетілген оқиғалардың себеп-салдар байланысын анықта.
  • C) Тарихи оқиғаның контексін талда.

Мұғалім

Аты-жөні

Исина Мадина Сатбековна

Ерте темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер тақырыбы бойынша қайталау сабағы