ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдары Сабақтың мақсаты

Сыныбы

11-сынып

Сабақтың тақырыбы

ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдары

Сабақтың мақсаттары

Негізгі мақсат

ҰБТ есептерін шешудің әдіс-тәсілдерін есеп шығару барысында тиімді қолдануға үйрету.

Дамытушылық мақсат

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту және білімге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсат

Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Тест кітапшалары

Сабақтың түрі

Бекіту-тренинг сабағы

Әдіс-тәсілдері

  • Сұрақ-жауап
  • Ойындар
  • Есептер шығару

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • 1 Оқушылармен амандасу.
  • 2 Оқушыларды түгендеу.
  • 3 Сабаққа қажетті құралдарды парта үстіне дайындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы деңгейлеп-саралап берілген есептерді шығарту арқылы тексеріледі.