Ыбырай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы

Тәрбие сағаты

Дала жұлдызы атанған ұлы педагог, ағартушы, ақын әрі жазушы Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған тәрбие сағаты (презентациясымен).

Жүргізуші сөзі

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен оқушылар! Бүгін мектебімізде қазақтың «Дала жұлдызы» атанған ұлы педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Тарихи баға

«Ыбырай Алтынсарин — қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам. Ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты», — деп жазған кезінде «Оренбургский листок» газеті.

Өлең жолдары

Сауатты болса екен деп қазақ халқын, Білімге бастап беріп, жолды салды. Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен, Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.

Ұран

Жас ұрпаққа жар салып жанымен де: «Кел, балалар, оқылық!» — деді Ыбырай.

Жалғассын бүгінгі күн дәстүр-салтың, Күндей күліп өмірің болсын жарқын. Бас иіп ұлы Ыбырай рухына, Көтерейік бірігіп атақ-даңқын!

Сабақ құрылымы

Тәрбие сағаты үш бөлімнен тұрады

  1. I. «Ыбырайтану» бейнеролигін тамашалау

    Өмірі мен ағартушылық жолына шолу.

    Бөлім 1
  2. II. Ыбырай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы

    Мәнерлеп оқу, түсініп оқу дағдысын шыңдау.

    Бөлім 2
  3. III. «Зерек оқушы» және «Суретші» байқауы

    Үй тапсырмасы: Ыбырай шығармаларының желісі бойынша сурет салу.

    Бөлім 3

Ыбырай Алтынсарин: өмірі мен мұрасы

Презентация мазмұны (слайдтар бойынша ықшамдалған баяндау)

3-слайд

Балалық шағы

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңірінде дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылып, атасы — белгілі би Балқожа бидің қолында тәрбиеленді. Туған-өскен жері — Қостанай облысындағы Тобыл өзені жағасы.

4-слайд

Ұлттық мектептің қалыптасуына қосқан үлесі

Ыбырай Алтынсарин қазақ ағартушылық тарихында және ұлттық мектептің қалыптасуында терең із қалдырды.

5-слайд

Білімге құштарлық

Ыбырай бала кезінен-ақ білімге және өз бетінше ізденіп оқуға бейімділігін танытты. Көп оқып, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласты. Орынборда оқып жүргенде шығыстанушы ғалым В. В. Григорьевпен жақын танысты.

6-слайд

Мінезі мен мұраты

Ыбырай қарапайым әрі еңбексүйгіш болды. Ол өзге халықтардың жетістіктерін тереңірек танып-білуге ұмтылып, алған білімін халқына қызмет етуге бағыттады.

7-слайд

Алғашқы мектеп және ағартушылық қызметтің басталуы

1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Торғайда қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Ол осы мектепке орыс тілі мұғалімі болып тағайындалып, ағартушылық-педагогикалық қызметін бастады.

Қиындықтар

Мектеп үйі мен оқу құралдарына қаражат жетіспеді; әкімшілік тарапынан қолдау әлсіз болды.

Шешім

Халықты аралап, мектептің пайдасын түсіндірді; балаларды өз үйінде оқытты; жиналған қаражатқа мектеп салдырды.

Ыбырай армандаған мектеп 1864 жылы ашылды. Мектеп жанынан интернат ұйымдастырылды, ашылу құрметіне үлкен той өтті.

8-слайд

Жаңа мектептер және қолөнер білімінің бастауы

1879–1883 жылдары Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашылды. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі іске қосылып, қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орнына айналды.

9–10-слайд

Қыз балаларын оқыту

Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне айрықша мән беріп, оны ескішіл әдет-ғұрыптарға қарсы күрестің маңызды жолы деп білді.

11-слайд

Ырғыздағы қыздар мектебі және оқу құралдары

1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы — оның ағартушылық жолындағы аса зор еңбектерінің бірі. Сонымен қатар, балаларға арналған мазмұнды әрі қызықты кітаптарды қазақ тілінде басып шығару қажет деп санады.

Маңызды еңбек

1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісіп, 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды.

Мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлау ісін де көтерді: 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.

12-слайд

«Қазақ хрестоматиясы»

1879 жылы Орынборда Алтынсариннің тұңғыш оқу құралы «Қазақ хрестоматиясы» жарық көрді. Ол орыс әліпбиі негізінде жарияланып, балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Жинаққа қазақ халық әдебиетінің таңдаулы үлгілері де енгізілді, бірқатар шығарманы Ыбырайдың өзі жазды.

13-слайд

Аудармашылық қыры

Ыбырай Алтынсарин қазақ тіліне Ушинский, Л. Толстой, И. Крылов, И. Паульсон шығармаларын аударды.

14-слайд

Өмірінің соңғы кезеңі

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 48 жасында дүниеден өтті. Қазақ даласында жарқ еткен жұлдыз сөнгенімен, оның мәңгі өшпес мұрасы мен шәкірттері халқына қызмет етіп келеді.

15–16-слайд

Есімі ел жадында

Ыбырай есімі берілген аудан, ауыл, оқу орындары, көшелер мен жер-су атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі.

Автор туралы мәлімет

Дайындаған

Аймухамбетова Ляззат Сандибековна

Мекеме

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Құмсай БМ, бастауыш сынып мұғалімі