Шығармашылық сабақ
Сабақтың міндеттері
1) Экожүйені таныстыру
Көл және көл құстарының тіршілігі туралы әңгімелеу, табиғи тепе-теңдік ұғымын нақтылау.
2) Деректі мағлұмат
Көл суының пайдасын талдау, Атырау өңіріндегі су қоймалары жайлы нақты деректермен жұмыс істеу.
3) Тәрбиелік қыр
Мәтіндегі жағымсыз кейіпкер рөлі арқылы балаларды мейірім, жауапкершілік, адамгершілікке баулу.
4) Құқық пен ереже
Табиғатты қорғау туралы заң нормаларын түсіндіру және «табиғат достарының» ортақ ережелерін құрастыру.
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту
Бастау кезеңі- Суретпен жұмыс: көл табиғаты мен су құстары бейнеленген көрнекіліктер арқылы ой қозғау.
- Шығармашылық жұмысты тыңдау: су құстары туралы деректі әңгімелер.
- Әдеби байланыс: С. Сейфуллиннің «Дала» өлеңін жатқа оқу.
-
Жұмбақ шешу:
Қашанда ырысқа толы,
Көктемнің келетін жолы.
Ауыл сыртында сайда,
Жатыр үлкен айна.
II. Мағынаны түсіну
Негізгі бөлім1) Суретті кестемен жұмыс
Ғ. Мүсірепов — қазақ әдебиетінің аса көрнекті жазушысы. Автор тұлғасын танып, мәтіннің мазмұнын өмірмен байланыстыру.
2) Тірек білімді қайталау
Пәнаралық байланыс: дүниетану. Су, табиғат, тіршілік ортақ заңдылықтарын еске түсіру.
3) Сызбамен жұмыс
Өзендер туралы түсініктерді жүйелеу (су айналымы, қоректенуі, бағыт-бағдары).
4) Картамен жұмыс
Атырау облысының физикалық картасымен жұмыс: көлдер мен су нысандарының орналасуын анықтау.
5) Көлдер туралы деректер (сызбамен жұмыс)
Атырау өңірі
Айғыркөл
- Орналасуы
- Қызылқоға ауданы, Қарабаудан оңтүстікке 19 км
- Аумағы
- 16,1 км²
- Өлшемі
- ұзындығы 5,1 км; ені 1,7 км
- Суы
- тұщы
Бөлекаяқ
- Орналасуы
- Индер ауданы, Қарабаудан оңтүстік-батысқа 30 км
- Теңіз деңгейі
- 17,5 м төмен
- Аумағы
- 13,5 км²
- Ұзындығы
- 9,5 км
Индер көлі
- Сипаты
- Каспий ойпаты алабындағы тұзды тұйық көл
- Шарасы
- 110 км²
- Өлшемі
- 13,5 × 11 км
- Ең терең жері
- 0,7 м
- Жағалау сызығы
- 40 км
6) Мәтінмен жұмыс
Қадамдар
- Мәтінді оқу
- Сөздікпен жұмыс
- Сұрақтарға жауап беру
- Шығармашылық тапсырма орындау
Сөздік жұмысы
- Оттады
- тойды
- Су ішті
- қанды
- Доңыз
- арам ниетті, қаскүнем
- Сақалды бастарымен
- ересек, үлкен
Талқылау сұрақтары
- Жағымсыз кейіпкер рөлінде қай құсты атар едің?
- Ол неге арам ниетті деп ойлайсың?
Тапсырма
«Табиғат достарының» ережелерін құрастыр.
7) Тұжырым
ҚР Конституциясы, 38-бап: Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
Табиғат достарының ережелері
- Ағаштар мен бұталардың бұтақтарын сындырма.
- Ағаштардың қабығын зақымдама.
- Ормандағы және шалғындағы гүлдерді жұлма. Әдемі өсімдіктер табиғаттың көркі болып, құлпырып тұра берсін.
- Көбелектерді, араларды, инеліктерді және басқа да жәндіктерді аулама.
- Бақа мен құрбақаны қорға.
- Жабайы аңдарды қума, оларды үйіңе әкетпе.
- Құстардың ұясын бұзба, балапандарын мазалама.
- Орманға, шалғынға, өзен-көл жағасына барғанда қоқыс қалдырма.
- Су қоймаларына қоқыс тастама.
- Орманда қатты шулама.
III. Қорытынды
РефлексияБүгін не үйрендік?
Оқушылар көл экожүйесінің маңызын, су құстарының тіршілігін, сондай-ақ табиғатты қорғаудың азаматтық міндет екенін қорытындылайды.
Үй тапсырмасы
Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрастыр. Әңгімеңде мына тіркестерді қолдан:
- «сыланып отырған аққу»
- «мыңдаған үйрек»
- «сырласып отырғандай»
- «суылдап келіп көлге қонады»
Ой түйін
Табиғатты қорғау — тек ереже емес, күнделікті дағды. Әрбір дұрыс қадам — Жер-анаға көрсетілген құрмет.