Жұрнақтар мен жалғаулар
Сабақтың тақырыбы
Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіні туралы білімдерін кеңейту және пысықтау.
Міндеттері
- Түбір сөзге жұрнақ жалғап, жаңа сөз жасату және сол сөздермен сөйлем құрату.
- Оқушылардың сөздік қорын байыту.
- Қисынды ойлауды, білімді қолдану дағдыларын дамыту.
- Емле мен сөздердің жазылуы туралы білімді бекіту.
- Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- Түбір мен қосымша туралы түсінікті меңгереді.
- Қосымшалардың жұрнақ пен жалғауға бөлінетінін ажыратады.
- Жаңа сөз жасайтын қосымшалар мен сөздерді байланыстыратын қосымшаларды айыра алады.
- Сөзді құрамына қарай талдауды орындайды.
Сабақтың түрі
Пысықтау сабағы
Әдістер
Түсіндіру, миға шабуыл, талдау, сұрақ-жауап, рефлексия
Көрнекіліктер
Тақта, үлестірмелі парақшалар
Негізгі ұғымдар
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық жүргізіледі. Сабақтың ұраны айтылып, оқушыларды белсенді жұмысқа бағыттайды:
Сабақтың ұраны
Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз. Біз талантты жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан.
Ұрандағы ойға сай, бүгінгі сабақта әрқайсымыз өткен тақырыптар бойынша алған білімімізді көрсетеміз.
ІІ. Ой ашар
Үй тапсырмасын тексеру
4–5 оқушыдан үйге берілген 295-жаттығу сұралады.
Миға шабуыл (өткенді қайталау)
Ерте-ерте ертеде бір-бірінен өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар істейтіні — бас көтермей ұйықтау. Бір күні оларға алыстан сәлемдеме келеді. Бірақ олар оны “сен ал, сен ал” деп біріне-бірі сілтей береді.
Сәлемдемені алу үшін мұғалім оқитын жұмбақтардың шешуін тауып, шешуіндегі сөздерді сөз құрамына талдау қажет.
1)
Бойлаған сайын тереңге, шығыпсың биік белеске.
Жауабы: Білім
2)
Есіктен кіреді, төрге қарай жүреді.
Жауабы: Суық
3)
Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар. Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған.
Жауабы: Сыпырғыш
Қайталау сұрақтары
- Қосымша дегеніміз не?
- Түбір сөз дегеніміз не?
- Жұрнақ деген не?
- Жалғау деген не?
ІІІ. Жаңа оқу материалын пысықтау
Оқулықпен және дәптермен жұмыс жүргізіледі.
295-жаттығу
- Мәтін түсініп, мәнерлеп оқылады.
- Бір оқушы тақтаға шығып, қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдайды.
- Қосымша тапсырма: ұлуды сипаттап әңгімелеу.
298-жаттығу
- Мәтінге ат қойылады.
- Көп нүктенің орнына тиісті жалғаулар қойылып, көшіріп жазылады.
- Жалғаудың қажеттілігі талқыланады: сөз мағынасын өзгертпей, сөз бен сөзді байланыстырады.
- Кітап туралы мақал-мәтел айтылады.
Ереже
- Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді.
- Жұрнақ алдымен, жалғау жұрнақтан кейін жалғанады.
Мысал
Күріш-ші-ге
Мысал
Күріш-ші-нің
Мысал
Күріш-ші-мен
300-жаттығу (суретпен жұмыс)
Зат атауларына -шы / -ші жұрнағын жалғап, сөз құрамына талдау жасалады.
Сатылай кешенді талдау (фонетикалық талдау үлгісі)
«Шалғышы» сөзі бойынша дауысты дыбыстарды талдау:
- Тілдің қатысына қарай: а, ы — жуан.
- Жақтың қатысына қарай: а — ашық, ы — қысаң.
- Езу мен еріннің қатысына қарай: а, ы — езулік.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз бір дем алайық.
301-жаттығу
«Медеу мұзайдыны» тақырыбында әңгіме құрастыру.
IV. Рефлексия және бағалау
Логикалық жұмбақтарды шешіп, сөз құрамындағы өзгерісті байқау.
1)
Екі әріптен құралып, жүруші едім мал болып. Жалғадың да бір әріп, шыға келдім шал болып.
Жауабы: ат → ата
2)
Үш әріптен құралып, ұшып жүрген құспын. «-ақ» жұрнағын жалғасаң, бір ұлт болып шықтым.
Жауабы: қаз → қазақ
3)
Алғашқыда балықшылар пайдаланатын құрал едім. Жалғадың да бір әріп, бәрің жұтар не болдым?
Жауабы: ау → ауа
V. Қорытындылау
Мұғалім конверттер таратады. Конверт ішіндегі әріптерді пайдаланып сөздер құрастырып, әр сөздің түбірі мен қосымшасын ажырату тапсырмасы беріледі.
1. Балапан
2. Өрмекші
3. Суретші
4. Қыста
5. Оқуды
6. Алманы
7. Қағазға
8. Айна
9. Орындық
10. Өнерлі
Қорытынды сұрақ
Құрастырған сөздеріңе нелер жалғанды?
Жауап: жұрнақтар мен жалғаулар.
VI. Үй тапсырмасы
Мұғалім үй тапсырмасын сынып деңгейіне сай нақтылап береді.
VII. Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларға қатысуы, жауаптарының дәлдігі және сөз құрамына талдау дағдылары бойынша бағаланады.