Шұжық (варенный колбаса) - 150 грҚияр - 1 - басҚызанақ (помидор) - 1 басЖұмыртқа - 3 басІрімшік (сыр) - 100 грМайонез - 3 ас қасықБұл салатты өте оңай деуге болады

Бұл салатты дайындау өте оңай: тек жұмыртқаны қайнатып пісіріп алу қажет. Ал көрінісі сәнді болсын десеңіз, салатты арнайы қалыптың ішінде қабаттап жинаған әдемірек. Қаласаңыз, барлық ингредиентті араластырып та ұсынуға болады.

Қажетті өнімдер

Шұжық (пісірілген колбаса)

150 г

Қияр

1 дана

Қызанақ

1 дана

Жұмыртқа

3 дана

Ірімшік

100 г

Майонез

3 ас қасық

Дайындау тәсілі

1

Жұмыртқаны дайындау

Жұмыртқаны қайнатып, суытыңыз. Төртбұрыштап турап, бір шымшым тұз қосыңыз. Үстіне 1 ас қасық майонез салып, араластырып қойыңыз.

2

Шұжықты дайындау

Шұжықты төртбұрыштап тураңыз. 1 ас қасық майонез қосып, араластырып қойыңыз.

3

Көкөністер

Қияр мен қызанақты да төртбұрыштап тураңыз.

4

Ірімшік

Ірімшікті үккіштен өткізіңіз.

5

Қабаттап жинау

Жайпақ тәрелкенің ортасына салатқа арналған қалыпты қойыңыз. Ішіне қабаттап: шұжық, кейін қияр, кейін жұмыртқа, кейін қызанақ салыңыз. Ең үстіне үккіштен өткен ірімшікті себіңіз. Қалыпты жайлап көтеріп алыңыз.

Салат дайын. Асыңыз дәмді болсын!