Шырғалаңды ұқпай менің жүр балам

Қадыр Мырза Әли

Іргетас
Шежіреміз қию - қию,
Шырғалаң.
Шырғалаңды ұқпай менің жүр балам.
Жер үстінде бір шаһарым ер жетіп,
Жер астында шөгіп жатыр бір қалам!
Ерім менің!
Жерім менің шерменде.
Жырта қалсаң,
Жыр шығады көрден де!
Қырық эпос -
Қырық батыр жайында...
Қазақ жазбай,
Біреу жазып берген бе?!
Таусылмайтын парасат бар термемде,
Термешіге дайын тұрар төр менде.
Тылсым дала басқаныкі болған да,
Тегін тастап, Көшіп кете берген бе?!
Опасыздар шыңдығымды жырмалап,
Ойдағыны бойдағыға жүр балап.
Жеткенімді қалай жазсаң олай жаз,
Өткенімді жазба бірақ бұрмалап!
Айналайын, арғысынан кім безген!
Ақиқатқа қарау керек бұл көзбен.
Теріс тарих қажет емес Тұныққа
Теріс түскен сұлбадай бір күмбезден!
Өкінішті
Көп нәрсені кеш білген.
Оқымысты!
Көмек күтпе еш тілден!
Тарих қымбат қандай болса сол күйде,
Тәуір тарих сұрамаймыз ешкімнен!
Сарғайдық қой артын күтіп әліптің,
Сырын неге жасырамыз алыптың?!
Жаман болса жаман болсын,
Жарқыным,
Өз тарихын өзіне бер халықтың!
Әр дәуірдің болады өз шәйірі
Ақ - қараны алатын тез айырып.
Заманынды қайырмасаң қайырма,
"Жаманымды" берсең еді қайырып!
Елімізге керек емес ертегі!
Ертегіні өз балам да шертеді.
Тарих керек!
Іргетасы ол халықтың,
Іргетассыз қаланбайды Ертеңі!



Ұқсас жұмыстар

Қазақ халқына тән ұлттың рухтың катеориялары
Н. Келімбетовтің көркем әдеби мұрасы
Бақыт Беделханұлы: ҰЛЫМ, САҒАН АЙТАМ. .
Баланы отбасында мектепке дайындау
Аналардың анасы – Бегім ана
Гумеров шығармалары өшпес мұра
Абай шығармалары
Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері
Сөздердің аналитикалық тәсілдер арқылы байланысы
Қазақ тіл біліміндегі антонимдердің зерттелуі
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Коммерциялық банктердің қаржы айналымында бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялары
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі меншік формаларындағы кәсіпорынның қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері«СЕНІМ» АҚ
Банктің корпоративтік клиенттерімен жүргізетін операцияларын басқарудың Ақпараттық жүйесін тұрғызу
Шетелдік және отандық журналистикадағы ақпараттық технологиялардың қолданылу ерекшеліктер
Азаматтық іс жүргізу құқықғының пәні, әдісі, жүйесі мен қағидаттары.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Техникалық процесті қауіпсіз жүргізу техникасын оқып- үйрету
Жүрек –қан тамыр жүйесін лабораториялық және инструменталдық әдістермен зерттеу.
Менің Отаным – Қазақстан