Сабақтың тақырыбы. Сабақтың типі
Сабақтың тақырыбы
Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты формулаларымен таныстыру, осы формулаларды қолданып өрнектерді түрлендіруге үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың формуланы қолдану және дәрежеге шығару дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа және төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың типі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі
СТО стратегиялары.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Карточкалар
- Плакаттар
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларын 6-ға дейін санатып, оларды 3 топқа бөлемін.
Қызығушылықты ояту
-
1
Үй тапсырмасын тексеру үшін тест тапсырмалары таратылады. Дайын жауаптар интерактивті тақтада көрсетіледі. Оқушылар бір-бірінің жұмысын тексеріп, топ басшысы бағалау парағына жиналған балдарды белгілеіп отырады.
-
2
Жаңа сабақты бастамас бұрын тақтада есеп беріледі. Оқушылар есепті өздері шығарып, шешу жолын түсіндіріп көрсетеді.