Батыр ата

Өзін-өзі тану · 4-сынып

Батылдық пен өжеттік

Бұл сабақта оқушылардың халыққа, Отанға және махаббатқа қатысты құндылықтар туралы түсінігі кеңейтіледі. Батылдық пен өжеттік ұғымдары талқыланып, шешім қабылдау дағдылары дамытылады.

Мақсат

Оқушылардың халық, Отан, махаббат құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттер

  • Батылдық, өжеттік ұғымдарын түсіндіру.
  • Шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту.
  • Батылдыққа, өжеттікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар

Оқулық, үнтаспа.

Шаттық шеңбері

Балалар мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрып, көңілді ән шырқайды.

«Балдырғандар әні»

Сөзі: О. Әубәкіров · Әні: Ш. Қалдаяқов

Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.

Қайырмасы

Өмір тым жайдары,

Қызықтың қайнары,

Бақшамыз жайнады.

Біз — Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік, батылдық — ұранымыз.

Мәтінмен жұмыс

Сабақ тақырыбының мәнін ашу үшін әңгімелеу жүргізіледі. Оқушылар мәтінді өздігінен түсініп оқып, пікірлерін ортаға салады.

«Қойшы Қаһарман» ертегісі

Талқылау сұрақтары

  • Қаһарманның ержүректігін қандай іс-әрекетінен байқадыңдар?
  • Қаһарманның тағы қандай жақсы қасиеттерін атай аласыңдар?
  • Өз бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?
  • Батылдық пен өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?
  • Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Дәйексөз

«Батыл болмай, батыр болмайды»

Батыр болу үшін адам өжет, төзімді, шыдамды, сабырлы болып, ата-анасын, елін, жерін сүюі және қорқуды жеңе білуі керек.

Жаңа ақпарат

Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді және қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етеді. Бір-бірімен ізетті сөйлесу арқылы адамдар сыйластыққа және достыққа қол жеткізеді.

Жаттығу

Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіру ұсынылады. Олардың бойындағы қасиеттерді талдап, «батылдық» ұғымына топтастыру жасалады.

өжет қорықпайтын төзімді сабырлы денсаулығы мықты шыныққан Отанын сүйетін қайсар

Сергіту сәті

Батылдықтың қалыптасуына дене шынықтырудың да әсері бар екені еске түсіріліп, балаларға қысқа жаттығу жасатылады.

  1. 1 Шынығамыз жастай біз. (Орындарынан тұрады.)
  2. 2 Жаттығуды бастаймыз. (Қолдарын бүйірлеріне қояды.)
  3. 3 Бір, екі, үш. (Қолдарын алға, жоғары, жанына созады.)
  4. 4 Бір, екі, үш. (Қолдарын алға, жоғары, жанына созады.)
  5. 5 Бойға жинап күш. (Қолдарын ішке бүгеді.)

Ойын: «Түзу жүр»

Балалар жарты шеңбер құрып тұрады. Ортаға ұзындығы 2–3 метр болатын түзу сызық сызылады да, меже белгіленеді.

  • Ортаға бір ойыншы шығады.
  • Ойын басқарушы ойыншыны орнында тұрып бірнеше рет айналдырады.
  • Ойыншы екі қолын жайып, сызық бойымен ауытқымай түп-түзу жүруі керек.
  • Кім межеге сызықтан шықпай бірінші жетсе, сол батыл деп танылып, жеңімпаз атанады.

Жеңімпаздар марапатталып, сынып қол шапалақтап қошемет көрсетеді.

Тапсырма

«Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында қысқаша әңгіме құрастыру.

Дәптермен жұмыс

  1. 1 Дәптерде берілген сөзжұмбақты шешу.
  2. 2 Халқымыздың батыр, өжет азаматтарының бірі туралы шағын әңгіме жазу.

Қорытындылау

Батылдық — адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Батыл болу үшін бала күнінен денені шынықтырып, салауатты өмір салтын ұстану маңызды. Халық батырларының өмірін мақтаныш тұтып, үлгі ете білейік.

Жүректен жүрекке

Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді:

  • Бір-бірімізді қиын сәттерде қолдай білейік.

  • Деніміз сау болсын.

  • Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік.

Өлең оқу

«Батыр ата»

Ө. Тұрманжанов

«Батыр!» — деген барша сүйген жақсы сөз,

Алтын туы сияқты ол ғасырдың.

Батыр ата: «Батыр бол!» — деп ұрандар!

Естіңдер, жас жеткіншек қырандар!

Батыр болып, туған жерді қорғауды —

Шын бақыт! — деп тілек етіп сұраңдар.