Ауызша салыстыру

Математика тақырыбы

Тақырып: тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі.

Мақсаты

  1. Дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсінік қалыптастыру.
  2. Көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың өзара қатынасын анықтау.
  3. Оқушыларды ұқыптылыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Өздік жұмыс
  • Есептеу
  • Салыстыру

Көрнекілігі

  • Қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер
  • Кестелер
  • Тақтаға ілінетін суреттер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа даярлық: амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды — балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

II. Үй тапсырмасын тексеру

№ 3 тапсырманы тексеру.

III. Өткенді пысықтау

Ауызша жұмыс. «Зейінділік» ойыны (компьютерлік дидактикалық ойын): мұғалім тапсырмалар тізбегін оқиды, оқушылар жауаптарын айтады.

Өрнек Нәтиже
7 200 : 8 + 100 − 190 : 9 • 1 000 4 000
8 • 50 + 1 000 : 2 • 8 − 5 000 : 2 • 7 2 100

Көркем жазу минуты. 57 615 санын жазыңдар. Сандағы толық ондықтарды, жүздіктерді, мыңдықтарды және ондық мыңдарды атаңдар.

IV. Жаңа сабақ

Жаңа материалды түсіндіру: еске түсіру, қайталау және қорытындылау арқылы жүргізіледі.

№ 1. Көлемнің өлшем бірліктерін еске түсір. Кестеден геометриялық денелердің атауларын оқып, артық сөзді тап: параллелепипед, текше, шаршы.

Артық сөз: шаршы. Себебі шаршы — жазық фигура, ал параллелепипед пен текше — көлемді денелер.

Қандай фигуралардың көлемін есептеуге болады? Мұғалім артық фигураны табуды ұсынады (тақтаға сурет ілінеді). Оқушылар текшенің артық екенін дәлелдейді: қалғандары жазық фигуралар, ал текше — көлемді дене.

Көлем деген сөзді қалай түсінесіңдер? Әртүрлі көлемдегі қораптарды алып, олардың үлкен-кішілігін көлемі бойынша салыстыру.

№ 1(ә). Салыстыр:

  • 1 5 м3 және 5 000 000 см3
  • 2 10 000 см3 және 5 дм3
  • 3 5 см3 және 5 000 мм3
  • т.с.с.

№ 2. Жұптық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:

Түрлендіру Жауабы
12 м3 12 000 000 см3
8 000 000 мм3 8 000 см3
12 дм3 12 000 см3

т.с.с.

V. Жаңа сабақты пысықтау

Есеп шығару:

  • № 3 — ауызша салыстыру.
  • № 4 — ауызша.

Текшенің көлемі

V = a • a • a

Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі

V = a • b • c

мұнда a — ұзындығы, b — ені, c — биіктігі.

№ 5. Тіктөртбұрыштардың белгісіз қабырғасын және периметрін тап.

Қорытынды: тік бұрышты параллелепипедтің көлемін есептеу және көлем бірліктерін өзара түрлендіру дағдыларын бекіту.