Жеті жұрттың тілін біл

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Бұл сыныптан тыс зияткерлік сайыс оқушылардың жан-жақты білімін тексеруге, логикалық ойлауын дамытуға, есте сақтау қабілетін шыңдауға және өз ойын анық жеткізе білуге тәрбиелеуге бағытталған.

Мақсаты

  • Білім деңгейін кешенді бағалау
  • Логикалық ойлау мен жылдам жауап беру дағдыларын дамыту
  • Есте сақтау қабілетін шыңдау
  • Ойын дәл әрі мәдениетті жеткізуге баулу

Көрнекілігі

  • Нақыл сөздер
  • Тапсырмалар және логикалық есептер
  • Әр топқа дайындалған үстел
  • Интерактивті тақта

Түрі

Топтық сайыс. Әр топта 8 оқушыдан қатысады.

Негізгі ұстаным: нақты жауап, жылдамдық, бірлік.

Барысы

  1. 1-кезең Ұйымдастыру

    Оқушыларды тапсырманы дұрыс орындауға және нақты жауап беруге бағыттап, сайыс ережелерімен таныстыру.

  2. 2-кезең Кіріспе бөлім

    Қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ұлы Абай атамыз: «Сүйер ұлың болса, сүй — сүйінерге жарар ол» деп, келешек ұрпаққа мәні терең тағылым қалдырған.

    Олай болса, бүгінгі сайысымызда өзімізді жаңа қырынан көрсетіп, белсенділік танытайық:

    Ал, келіңдер, келіңдер,
    Біріңе-бірің еріңдер.
    Біліміңді тексеріп,
    Ойынға қатысып көріңдер!

    «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты зияткерлік ойынды бастаймыз. Сайыскерлерді ортаға шақырамыз.

  3. 3-қадам Әділқазылар

    Сайыскерлердің білімін бағалайтын әділқазылар алқасымен танысамыз.

    Ғылымның сырын ұғына,
    Шығыңдар білім шыңына!
    Ұқыптылық пен зеректік —
    Жеткізер білімділік сырына.
    Қадамдарың оң болсын,
    Сәт-сапар тілейміз!

Сайыс кезеңдері

Кезеңдер тізімі

  1. 1 Таныстыру
  2. 2 «Жүйрік болсаң, озып көр»
  3. 3 «Даналардан шыққан сөз»
  4. 4 «Әрі қысқа, әрі нұсқа»
  5. 5 «Біліміңді шыңда»
  6. 6 «Жеті жұрттың тілін біл»
  7. 7 «Мақал — сөз атасы»

Шақыру сөзі

Әр пәннің қыры мен сыры қызықтырады. Ойынға бірге қатысып, білімімізді сынап көрейік!

Ұшқыр ойдың серіктері — білім, ынта, ақыл, ізденіс, нәтиже.

І кезең: Таныстыру

Әр топ өз атауын, ұранын және сәлемдесуін таныстырады.

1-топ: Алғырлар

Ұраны

Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі

Қиындықтан біз ешқашан қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз — жеңістерге бастаймыз!

2-топ: Тапқырлар

Ұраны

Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.

Сәлемдесуі

Біз дайынбыз бұл сайысқа, достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

ІІ–VII кезеңдер: Нұсқаулар

ІІ кезең: «Жүйрік болсаң, озып көр»

Әр топқа берілген 20 лездік сұраққа жауап береді.

ІІІ кезең: «Даналардан шыққан сөз»

Ғұлама жазушылардың қанатты сөздерінің авторын табу.

IV кезең: «Әрі қысқа, әрі нұсқа»

Берілген сөз тіркестерінің мағынасын мүмкіндігінше бір сөзбен қысқаша айту.

V кезең: «Біліміңді шыңда»

Топ мүшелері бірігіп қисынды есептерді шығарып, дұрыс жауабын ұсынады.

VI кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

Жасырылған жұмбақтың жауабын табу және оны қазақ және орыс тілінде айту.

VII кезең: «Мақал — сөз атасы»

Әр топқа қойылған 10 сұраққа мақал-мәтелмен жауап беру.

Мысалы: «Жыланды інінен қалай шығарады?» — «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.»

V кезең тапсырмалары: Қисынды есептер

1-есеп

Мысықтың 5 тырнағы, ал балапанның 2 тырнағы бар. Ауладағы мысықтар мен балапандардың бастарын қосса 10, ал аяқтарын қосса 104 болады. Аулада неше мысық және неше балапан бар?

2-есеп

Ерте заманда бір адам қасқырды, қойды және бір бау шөпті бірін-біріне жегізбей өзеннен алып өтуі керек. Жағада бір ғана қайық бар; қайыққа әлгі адам өзімен бірге бір ғана затты (қасқырды, қойды немесе шөпті) алып өте алады. Ол үшеуін кезекпен қандай әдіспен өзеннің арғы бетіне өткізеді?

3-есеп

Отбасында 10 бала бар. Ең үлкені 20 жаста, ал әр келесі баланың жасы 2 жасқа кіші. Ең кіші бала неше жаста?

Көрермендермен жұмыс

«Қанағаттанарлық» сөзінен мүмкіндігінше көп сөз құрастырып жазыңыздар.

Қорытынды

Енді сайыстың шешуші сәті келді. Жеңімпаз топты анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Ұшқыр ойдың серіктері — білім, ынта, ақыл, ізденіс және нәтиже. Осы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, елге сыйлы азамат болып өсіңдер.

Келесі бөлімде құрбыларыңның әсем биін тамашалайық. Келесі кездескенше аман болайық!