Оқушылардың сабаққа әзірліктерін қадағалау
4-сынып. Математика
Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа есептер шығару
Сабақтың мақсаты
- Жылдамдық, уақыт, қашықтыққа берілген есептер бойынша білімді тиянақтау және пысықтау; бір бағыттағы қозғалыс есептерін шығару дағдыларын қалыптастыру.
- Оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлауын, математикалық тілін дамыту; пәнге қызығушылығын арттыру.
- Өзіндік жұмысқа дағдыландыру; алған білімді өмірде қолдануға үйрету; тапқырлыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақ туралы
- Сабақтың түрі
- Жаңа білімді меңгерту.
- Оқыту әдістері
- Сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, ажырату, жинақтау, жаттықтыру, көрнекі және ізденіс әдістері, жазба жұмысы, өзіндік жұмыс.
- Көрнекіліктер
- Слайд, сызба, деңгейлік карточкалар, шаңғышылардың суреттері.
- Пәнаралық байланыс
- Дене шынықтыру.
Сабақ идеясы
Сабақ олимпиадалық тақырыппен өрбиді: әр дұрыс шығарылған есеп — шаңғышының бір “бөгеттен” өтуі. Сабақ соңында ең көп бөгеттен өткен оқушының нәтижесі бағаланады.
Спортшы секілді болайық:
- С — салмақты
- П — парасатты
- О — озат
- Р — рухты
- Т — төзімді
- Ш — шыныққан
- Ы — ынтымақшыл
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі және ой қозғау
Оқушылардың сабаққа дайындығы қадағаланып, зейіні сабаққа аударылады. Қонақтармен амандасу ұйымдастырылады.
Сұрақ-жауап (олимпиада тақырыбы):
- Қазір әлемнің назарын аударған қандай оқиға өтіп жатыр? — Олимпиада.
- Бұл олимпиада қандай ойындарға арналған? — Қысқы ойындар.
- Қай елде өтіп жатыр? — Ресей, Сочи қаласы.
2014 жылы 7 ақпанда Сочи қаласында қысқы Олимпиаданың ашылу рәсімі өтті. Қазақстаннан да спортшылар қатысып жатыр.
Қысқы спорт түрлері:
Хоккей, шаңғымен сырғанау, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, фристайл, сноуборд және т.б.
2) Үй жұмысын тексеру
№7 және №9 тапсырмалары тексеріледі.
3) Жаңа тақырып және жарыс форматы
Әр оқушы өзін шаңғышы ретінде елестетеді: әр дұрыс есеп — бір бөгеттен өту. Сабақ соңында нәтиже бойынша бағаланады.
№1 тапсырма (1 бөгет)
Слайд пен суретті пайдаланып, сұрақтарға жауап беру және дәлелдеу.
Талқылау:
- Бұл спорттың қай түрі?
- Ақтөбе облысынан Аслан Даумов есімді жас конькиші бұл жарысқа қатысып жүр.
№2 тапсырма (2 бөгет)
Бір оқушы тақтада сызбаны пайдаланып есепті талдайды: шартын құрады, шешу жолын көрсетеді және нәтижесін слайдтағы жазумен салыстырып тексереді.
Берілгендер
- Жүк машинасы: V = 55 км/сағ
- Жеңіл машина: V = 65 км/сағ
- Ара қашықтық: S = 89 км
- Уақыттар: t = 3 сағ, t = 7 сағ
Шешуі (үлгі)
№3 тапсырма (3 бөгет): Тұрғын үй құрылысы туралы есеп
Олимпиададан қысқаша үзіліс жасап, еліміздегі өзекті тақырыпқа назар аударамыз. Президент Жолдауында баспана мәселесіне басымдық беріліп, жалға берілетін тұрғын үй көлемін жыл сайын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажеттігі айтылды.
Тұрғын үй бағдарламалары аясында бір жыл ішінде 55 мың қазақстандық қоныс тойын тойлады. Келесі есеп осы тақырыпқа арналады.
Шарт
- 6 үй — 198 пәтерлі
- 5 үй — 270 пәтерлі
- Барлығы — 15000 пәтер
- Қалғаны — ?
Шешуі
Сергіту сәті
Бір сәт тынығып алайық. Тақтадағы сандарды оқимыз: 753, 829, 46013.
Қимыл-қозғалыс тапсырмасы
Берілген санның көрсетілген разрядындағы бірліктер санына қарай аңдардың қимылын сонша рет қайталаймыз: 2-разряд, 4-разряд, 6-разряд, 9-разряд және т.б. Екінші сан бойынша да разрядтарға назар аударамыз.
Соңында: «Неліктен дәл осы аңдар таңдалды?» деген сұрақ қойылып, оқушылардың пікірі тыңдалады.
№4 тапсырма (4 бөгет): Теңдеулерді шешу
360 + x ÷ 3 = 440
x ÷ 8 + 140 = 212
(x + 25) × 4 = 360
№5 тапсырма (5 бөгет): Деңгейлік тапсырмалар
Оқушылар деңгейлік тапсырмалардың бірін таңдап, өз бетінше орындайды.
1-деңгей
Тік төртбұрышты кітап мұқабасының ені 10 см. Бұл оның ұзындығынан 2 есе кем. Мұқабаның ұзындығын тап.
2-деңгей
3-деңгей
Сызба бойынша есеп құрастыр және шығар:
Қашықтық: 230 км
Қорытынды
Шығармашылық тапсырма орындалады: жазуды аяқтау және «Кім шапшаң?» тапсырмасы арқылы жылдамдық бағаланады.
Үй тапсырмасы беріледі.
Бағалау: мәреге бұрын жеткен «шаңғышының» нәтижесіне сүйене отырып мадақтау жасалады, оқушылар өзін-өзі бағалайды. Естелік ретінде Олимпиада бойтұмары болған аңдардың суреттері ұсынылады.