Саптық тұрыс
Сабақтың мазмұны
- Сабақтың тақырыбы
- Саптық тұрыс. «Саптал», «Түзел», «Тіктел», «Еркін тұр», «Жинақтал» пәрмендерін орындау.
- Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды саптық тұрысты қабылдау және пәрмендерді дұрыс орындауға үйрету.
- Уақыты
- 45 минут
- Өткізілетін орны
- 10-сынып, саптық алаң
- Көрнекілік құралдар
- Саптық жарғы, АӘД оқулығы
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
- Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады.
- Оқытушыға рапорт береді, амандасады.
- Түгендеу жүргізіп, оқушылардың сырт келбетін тексереді.
Өтілген тақырыпты сұрау (7 минут)
Сұрақтар
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу тарихын қысқаша айтып беріңдер.
- Егемен Қазақстанның даму бағдары қандай?
Негізгі бөлім (25 минут)
Негізгі тақырып
Саптық тұрыс. «Саптал», «Түзел», «Тіктел», «Еркін тұр», «Жинақтал» пәрмендерін орындау.
Саптық тұрыс: қабылдау тәртібі
Саптық тұрыс әдетте «Саптал» немесе «Тіктел» пәрмендері бойынша қабылданады. Пәрмен берілгенде тығыздалмай, тік тұру қажет.
Дене қалпының негізгі талаптары
- Өкшені қосып, аяқтың ұшын маңдайшеп сызығы бойымен табан еніндей ашып түзеу.
- Иықты жазып, ішті тартып, кеудені тік ұстап, денені сәл алға ұмсыну.
- Саусақтарды жартылай бүгіп, қолды жамбасқа тигізе төмен түсіру.
- Басты жоғары әрі тік ұстап, иекті алға шығармау.
«Еркін тұр!» пәрмені
«Еркін тұр!» пәрмені бойынша оң немесе сол аяқтың тізесін бос ұстап, орнынан кетпей, сөйлеспей, еркін тұру керек.
«Жинақтал!» пәрмені
«Жинақтал!» пәрмені бойынша саптағы өз орнын тастамай, қаруды, киімді және жабдықтарды түзету қажет. Жинақталу бас киімнен басталады.
Ескерту: «Жинақтал!» пәрменінің алдында әдетте «Еркін тұр!» пәрмені беріледі.
Бас киімді шешу және кию тәртібі
Бас киімді шешу үшін «Бас киімді шеш!», ал кию үшін «Бас киімді ки!» пәрмендері беріледі.
- Шешілген бас киім күнқағары алға қаратып, еркін түсірілген сол қолға ұсталады.
- Қару «арқаға» күйінде болса, бас киім оң қолмен шешіледі; ал қару «бауға», «кеудеге», «аяққа» күйінде болса — сол қолмен шешіледі.
- Карабин «иыққа» күйінде болғанда бас киімді шешер алдында карабин алдын ала «аяққа» түсіріледі.
Бөлімшенің сапқа тұруы
Бөлімшені сапқа тұрғызу кезінде алдымен сапқа тұру тәртібі көрсетіледі, содан кейін «Саптал» пәрмені бойынша орындалады.
Мысал пәрмен
«Бөлімше, бір қатарға — саптал!»
Осы пәрмен бойынша әскери қызметші белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтап, саптағы өз орнына тұрып, саптық тұрысты қабылдайды.
Қорытынды бөлім (10 минут)
Қайталау сұрақтары
- Саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?
- Саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?