Құрметті мұғалімдер және оқушылар

Сынып: 3 Өтілетін орны: Спорт зал Түрі: Жарыс

Тақырыбы: «Толағай» спорттық жарысы

Мақсаты

Оқушыларды ойын барысында өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы дамуын арттыру; ойын үстінде әділдікке, жолдастық сезімге және ойынды жетілдіруге баулу.

Көрнекілігі

  • Жіп (скакалка)
  • Доп
  • Сыпырғыш (бөліктерге бөлінген)

Негізгі ұстаным: қауіпсіздік, әділ төрелік және командалық қолдау.

Барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2 Кіріспе сөз
  3. 3 Спорттық жарыс
  4. 4 Қорытынды

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Шынықсаң, шымыр боласың,
Сауығып, айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.

Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.

Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Бүгін Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Толағай» спорттық жарысымызға қош келдіңіздер!

Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға ортаға,
Спортшы балаларды шақырамыз.
Қарсы алыңыздар!

Командалар

«Тұлпар» тобы

Топ басшысы: Өтебаев Б.

Мүшелері

  • Шамшадинов М.
  • Данабайқызы Жанна
  • Қанатов О.
  • Сергеева К.
  • Алғабеков Қ.

Топ ұстанымы

Жүзден жүйрік танылады сайыста,
Ұмтыламыз біз ешкімнен қалыспай.

«Жас қыран» тобы

Топ басшысы: Аманжолова А.

Мүшелері

  • Садақбаев Т.
  • Қамысбай Б.
  • Кеңесов И.
  • Аймырзаева Ә.
  • Абзалова А.

Топ ұстанымы

Қыран болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.

«Барыс» тобы

Топ басшысы: Карифуллаев Т.

Мүшелері

  • Тулешбаева А.
  • Бостанұлы М.
  • Кәдірбек Қ.
  • Әбдікәниева А.
  • Қалдыбек А.

Топ ұстанымы

Мақсаты бірдің — рухы бір.

Құрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге толағай табыс пен сәттілік тілейміз!

Салтанатты бөлім және төрелік

Әнұран

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріңіздер.
Әділ-қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер.

Әділ-қазы алқасы

Жарысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен танысайық:

  • Оқу ісінің меңгерушісі Сержанова Б.
  • Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алтыруов Қ.
  • Бастауыш сынып мұғалімі Қалпиева М.

Сайыс бағдарламасы

Құрметті қатысушылар, бүгінгі сайыстың кезеңдері төмендегідей:

1

«Кенгуру»

Қатысушылар допты аяқтарының арасына қыстырып, секіре отырып белгіленген мәреге барады және кері қайтады. Ойынды соңғы ойыншы аяқтайды.

2

«Секірмек»

Қатысушы топтар скакалкамен секіре отырып, белгіленген қашықтықты еңсереді.

3

«Фут-баскет»

1-ойыншы допты қолымен жүргізіп келіп, 2-ойыншыға береді. 2-ойыншы допты аяғымен жүргізеді. 3 және 4-ойыншылар допты қолмен жүргізеді, ал 6-ойыншы аяқпен орындайды.

4

«Сенбілік»

Шеңбер ішіндегі сыпырғыштың бес бөлігін бес ойыншы кезекпен әкеліп, 6-ойыншыға береді. 6-ойыншы сыпырғышты құрастырып, жүгіре отырып доптарды сыпырғышпен кері сыпырып әкетеді.

Өнерге биік сенеміз, думанға қызық келіңіз. Әділ-қазы — ел сенген, өнерге баға беріңіз.

3 «Г» сынып оқушыларының орындауында «Толағай» әні.

Марапаттау

Жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталады.

Қорытынды

Сөз әділ-қазы алқасына беріледі.

Құрметті оқушылар! Сіздерді алған орындарыңызбен құттықтай отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рақмет. Сау болыңыздар!