Единица - жақсысы, Ерген елі бейне нөл

Абай Құнанбаев

Сәулең болса кеудеңде,
Мына сөзге көңіл бөл.
Егер сәулең болмаса,
Мейлің тіріл, мейлің өл.
Танымассың, көрмессің,
Қаптаған соң көзді шел.
Имамсыздық намазда —
Қызылбастың1 салған жол.
Көп шуылдақ не табар,
Билемесе бір кемел?
Берекелі болса ел —
Жағасы жайлау ол бір көл.
Жапырағы жайқалып,
Бұлғақтайды соқса жел.
Жан - жағынан күркіреп
Құйып жатса аққан сел,
Оның малы өзгеден
Өзгеше боп өсер тел.

Берекесі кеткен ел —
Суы ашыған батпақ көл.
Құс қаңқылдап, жағалап,
Сулай алмас жазғы төл.
Оның суын ішкен мал
Тышқақ тиіп, аспас бел.
Көл деп оны кім жайлар,
Суы құрсын, ол бір – шөл.
Единица – жақсысы,
Ерген елі бейне нөл.
Единица нөлсіз - ақ,
Өз басындық болар сол.
Единица кеткенде,
Не болады өңкей нөл?
Берекеңді қашырма,
Ел тыныш болса, жақсы сол.
Рас сөзге таласып,
Ақжем болма, жаным, кел!

1 Қызылбастар – қызылбаши (түрікше) – Иран жеріндегі көшпелі түріктерден құрылған, шах Исмаил бірінші мемлекетінің ең басты күші болады. Қызылбастар әскери жауынгерлерінің ерекшелік белгісі – он екі қызыл жолақты сәлде болған. Парсы жұртын қызылбастар деп атау осыдан шыққан.



Ұқсас жұмыстар

Абай өлеңдеріндегі нақыл сөздер
ПАРТИЯ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Құран мен ертегіде ұқсастықтар бар ма?
Метафора эквиваленттілігі
Абайдың діни және әлеуметтік ойлары
Тұрақты сөз тіркестерінің маржанды өрнектері
Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері
Қадыр Мырзалиев
Абай (Ибраһим) Құнанбайев
Қадыр Мырза Әли өлеңдері
Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Негізгі қорларды қйта жандандыру тәсілі – күрделі қаржыны жұмсау
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшелiктерi
Валюталық нарықтың және валюталық операциялардың ерекшеліктері мен дамуы
Қазақ тiлiн оқытудың, ұйымдастырудың әдiстемелiк ерекшелiктерi
Қазақстандағы саяси PR технологияларының сайлау кампанияларындағы қолдану