Қазақы дастарханым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Саулебаева Ләззат Шәкіқызы
Сабақтың тақырыбы
Ата салтым — асыл мұрам
Көрнекілігі
- Слайдтар
- Нақыл сөздер
- Кітаптар
Сабақтың мақсаты
а)
Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып, ата дәстүрін танып-білуге, ардақтауға, құрметтеуге және мақтан тұтуға тәрбиелеу.
ә)
Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде адамгершілікке, имандылыққа және әдептілікке баулу.
б)
Оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырып, бабалардан қалған ұлағатты, ғибратты сөздердің мәнін ұғындыру және сол сөздерден өнеге алуға үйрету.
Сабақтың барысы
1-кезең
Ұйымдастыру
Сабаққа дайындық, көңіл күй қалыптастыру.
2-кезең
Кіріспе
Ырым-тыйымдардың тәрбиелік мәнін ашу.
3–4-кезең
Талқылау және қорытынды
Оқушылардың қатысуы, өнер көрсету, түйіндеу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары — ежелден келе жатқан ұлттық мәдениеттің маңызды бөлігі. Ғасырлар сүзгісінен өтіп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан озық үлгілер жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Бүгінгі тәрбиенің басты бағыты — әр адамның ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы екенін ұмытпау. Ұлттың болашағы әрқайсымызға байланысты екенін сезіну — жауапкершіліктің бастауы.
Ұлттық әдет-ғұрыптар, ырым-тыйымдар мен дәстүрлер адамға жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінуге жол ашады. Сол арқылы өз халқының игілігін басқа жұртқа да жақын әрі түсінікті ете алады.
Сондықтан әр ұрпақ өз дәуірінің талаптарын ескере отырып, жинақталған тәжірибеге сүйеніп тәрбиеленуі тиіс. Бұл — ата-бабадан қалған рухани мұраны терең меңгерудің ең дұрыс жолы.
Сұрақ-жауап: қандай ырым-тыйымдарды білесіңдер?
Оқушылар кезекпен мысал келтіреді (1–17 оқушы).
-
1) Тізені, табанды тартуға болмайды.
Тізе мен табанды тарту көбіне ауру-сырқау, әлсіздік белгісі деп түсіндірілген.
-
2) Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды.
Бұл әрекет қол-аяғы байланған тұтқынды елестетеді деп жорамалданған.
-
Тағы да көптеген мысалдар айтылады.
Ән тыңдау
Ән: «Қазақы дастарханым»
Орындайтындар: Ғарифулла, Аян
Тыйым сөздер — тәрбие көзі
Оқушылар ортаға шығып, тыйым сөздерді қимыл-қозғалыспен көрсетіп, мәнін ашады.
1-оқушы
Бүйіріңді таянба. Оттан аттама.
2-оқушы
Жағыңды таянба. Мойныңа белбеу салма.
3-оқушы
Босағаны керме. Құдыққа түкірме.
Тағы да басқа тыйым сөздер айтылады.
Қорытынды
Тыйым сөздер — тәлім мен тәрбиенің терең қоры. Сондықтан үлкендердің әр сөзіне мән беріп, сөздің астарына үңіле білуді үйрену маңызды.
Әсіресе мұғалімдердің айтқанын ықыласпен тыңдап, қарттардың ақылын жадыңда сақтаған жөн. Өйткені ұрпақтың мінезі мен мәдениеті осындай ұлағатты сөздер арқылы қалыптасады.