Айт қане, Алтын балық қайда
Мақсаты
«Нептун күні» мерекесі балаларға судың тіршілік көзі екенін түсіндіріп, су туралы білімін кеңейтуді көздейді. Су қасиеті, пайдасы мен маңызы туралы түсініктерін тереңдетіп, мерекелік көңіл күй сыйлау арқылы бала белсенділігін арттыруға бағытталған.
- Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, қимыл-қозғалыс, икемділік және шапшаңдықты дамыту.
- Өзара достық қарым-қатынасты, ұйымшылдықты тәрбиелеу.
- Мейірімділікке, қайырымдылыққа және қамқорлыққа баулу.
- Өз ойын еркін айтуға және қорытынды жасауға үйрету.
Көрнекіліктер
Жүру барысы
Кіріспе: хат және жұмбақ
Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Бүгін ерекше күн! Бізге хат келіпті. Қане, хатта не жазылған екен? Оқып көрейік. Хатты ашамыз ба?
Жұмбақ
Ол теңіз патшайымы,
Толқындарды шайқайды.
Кемелерді батырып,
Су астынан алтын-қазына жинайды.
Бұл кім?
Балалар: Нептун!
Әуенмен Нептун шығады.
Нептунның келуі және Алтын балықтың жоғалуы
Нептун: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер маған қонаққа келдіңдер ме? Мен Алтын балығымды көре алмай тұрмын.
Жүргізуші: Ой, Алтын балықсыз мереке бола ма?! Балалар, сендер Алтын балықты көрдіңдер ме?
Осы сәтте теңіз қарақшысы пайда болады.
Кейіпкер: Теңіз қарақшысы
Қарақшы: Алтын балықты менен сұра. Сонда қайда екенін айтамын.
Нептун: Ә, менің ескі досым! Мен сені әлі суға батырмаған екенмін ғой. Айтшы, Алтын балық қайда?
Қарақшы: Сен бізді мерекеге шақырмадың! Ал мен сені қуантқым келіп тұр. Достарыммен бірге Алтын балықты бір аралға жасырып қойдық. Тапсаң — сенікі, таппасаң — бізге қызмет етеді. Мен бәрін айттым. Қош бол!
Қарақшы кетіп қалады.
Нептун: Масқара! Енді не істейміз? Қайда менің су перілерім? Әсем билеріңмен мені тыныштандырыңдаршы!
Би: «Су перілері».
Саяхат басталады: капитан сайлау
Нептун: Білемін! Маған балалар көмектеседі.
Жүргізуші: Балалар, көмектесеміз бе?
Балалар: Әрине, көмектесеміз!
Жүргізуші: Ендеше кеме капитанын сайлап алайық.
Ойын: «Кеме капитаны»
Мақсаты: балаларды аңғарымпаздыққа, достыққа, бір-біріне көмектесуге және берілген белгі бойынша қимыл-әрекет жасауға үйрету.
Теңіздегі оқиға: кемені құтқару
Кеме аралға жақындайды.
Нептун: Балалар, мұнда да Алтын балық көрінбейді. Кеттік, капитан! Дайынсың ба?
Капитан: Құп болады, дайынмын!
Нептун: Алға!
Капитан: Құп болады!
Кенеттен
Қатты дыбыс естіледі.
Нептун: Не болды?
Капитан: Кемеміз тасқа соғылған сияқты. Ауа көпіршіктері шығып жатыр!
Нептун: Енді не істейміз? Балалар, көмектерің керек — насоспен үрлейік!
Ойын: «Насостар»
Мақсаты: ойынға қызығушылықты арттыру, негізгі қимыл-әрекеттерді орындауға, әуенге сай қозғалыс жасауға жаттықтыру және ойын шартын бұзбауға тәрбиелеу.
Нептун: Жарайсыңдар, балалар! Рахмет! Сендердің арқаларыңда кеме қайта іске қосылды.
Капитан: Теңіз патшайымы, міне, қазына аралына да жеттік!
Сынақтар: өнер мен ептілік
Қарақшы қайта шығады.
Қарақшы: Ха-ха! Сендер Алтын балықты оңайлықпен ала алмайсыңдар! Ептіліктеріңді, өнерлеріңді көрсетіңдер!
Би
«Бақалар биі»
Ойын: «Кім мықты?»
Мақсаты: ептілікке, төзімділікке, батылдыққа баулу; көңіл күйді көтеру, сергіту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын: «Мергендер»
Мақсаты: су тапаншасын дұрыс қолдануға үйрету, мергендікті және көз мөлшерін дамыту, ойынды жүйелі ойнауға дағдыландыру.
Нәтиже
Қарақшы: Жарайды, сендер жеңдіңдер. Жеңіс сендердікі! Сендер өнерлі де мықты балалар екенсіңдер, ризамын. Алтын балықтарыңды қайтарып беремін. Сау болыңдар! Әрдайым батыл болып, жеңіске жете беріңдер!
Қарақшы кетеді.
Қуанышты сәт: Алтын балықтың алғысы
Алтын балық: Рахмет, балалар! Су патшайымы Нептунмен бірге мені қарақшылардан құтқардыңдар! Мен сендерге теңіз патшалығынан әкелген сыйымды табыс етейін. Құр қол келген жоқпын — өз өнерімді ала келдім!
Би: «Алтын балықтар».
Нептун: Ал балалар, енді мен теңіз патшалығыма қайтайын. Келесі мерекеге дейін аман-сау болыңдар! Теңіз патшалығына қонаққа келіп тұрыңдар!
Тілек айту
Алтын балық: Балалар, қандай тілектерің бар? Орындап берейін.
Жүргізуші: Балалар, қане, тілегімізді айтайық!
Балалар: Бақытты балалық шағымыз жалғаса берсін! Аман-есен «Көркемай» балабақшамызға оралайық!