Сабаққа бейімдеу

Сабақ тақырыбы

Леп белгісі (!)

Сабақ мақсаты

  • Жаңа тақырыпты меңгерту арқылы оқушының білімін қалыптастыру.
  • Білімді пысықтау арқылы ақыл-ойын, дүниетанымын және жалпы танымдық қабілетін дамыту.
  • Оқушыларды ізденімпаз, білімді, ойлы болуға баулу.

Сабақ сипаттамасы

Түрі
Жаңа сабақты меңгерту.
Әдістері
Топтық жұмыс, топтастыру, ой қозғау, «БББ» әдісі.
Көрнекілігі
Слайдтар, интерактивті тақта, таратпалар.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу.
  • «Шаттық шеңбері» арқылы көңіл күйді реттеу.
  • Сабаққа бейімдеу.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Қайталау және бекіту

1-тапсырма. «Алтын алма, алғыс ал»

Интерактивті тақтада нөмірленген ұяшықтар беріледі. Оқушылар ұяшықтағы сұраққа жауап берген сайын, ар жағынан алғыс сөз шығады. Қай топ көп сұраққа жауап берсе, сол топ көп алғыс жинайды.

  1. 1. Пунктуация деген не?

    Алғыс: «Арлы-ожданды бол!»

  2. 2. Тыныс белгілерінің қандай түрлері бар?

    Алғыс: «Елге деген парызыңды ұмытпа!»

  3. 3. Тыныс белгілерін қоюдың қандай принциптері бар?

    Алғыс: «Намысыңды жастан сақта!»

  4. 4. Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылады?

    Алғыс: «Халқыңды алалама!»

  5. 5. Нүктенің қойылатын орындарын ата.

    Алғыс: «Жақыныңды жаралама!»

  6. 6. Сұрау белгісі қойылатын орындарды айт.

    Алғыс: «Қасыңды қаралама!»

2-тапсырма. «Ойлап, байқап, сәйкесін тап!»

Сәйкестендіру тесті таратпа материалдар арқылы үш топқа да бірдей беріледі.

III. Жаңа сабақ

Ой қозғау

Адамның алуан түрлі көңіл күйін жазуда дәл жеткізуге тыныс белгілері көмектеседі. Бүгін біз леп белгісінің қандай жағдайда қолданылатынын қарастырамыз.

Лепті сөйлемнің жасалу жолдары

1) «Қандай», «неткен» есімдіктері таңдану, қуаныш мағынасын білдірсе

Мұндай жағдайда сөйлем соңына леп белгісі қойылады.

«Әрі ақылды, әрі сұлу болып, құс падишасы атанудың өзі қандай!»
Ы. Кененбаев

2) «Ғажап», «тамаша», «керемет» сияқты сөздер ерекше таңдануды білдірсе

Дауыс көтеріңкі айтылып, сөйлем соңына леп белгісі қойылады.

«Қарап отырсаң, құмырсқалар тіршілігінің өзі адам ақылына сыймайтындай ғажап бір керемет нәрсе!»
Ы. Кененбаев

3) Одағай сөздерден кейін және құрамында одағай сөздері бар сөйлемдерде

Одағайдың эмоциялық реңкіне байланысты леп белгісі қолданылады.

Қазақстан! Пай, пай, пай! Ардағым-ай! Сен менің ардағымсың жанған ұдай. Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт, Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!
М. Мақатаев

4) Қаратпа сөз және көтеріңкі айтылған қаратпа сөзден кейін

Сөйлеушінің үнін, эмоциясын күшейту үшін леп белгісі қойылады.

Мысал: (мәтінде үлгі толық берілмеген)