Екі топқа Ана сөзіне ассосация жасату
А.М. Горький. «Воробьишко»
Бұл сабақ жоспары А.М. Горькийдің өмір жолымен таныстыра отырып, «Воробьишко» ертегісі арқылы бала торғайдың өмірге деген ұмтылысын түсіндіруге бағытталған. Сонымен бірге мәтін мазмұны арқылы ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігінің шексіз екенін ұғындыру және көркем, бейнелі сөздермен оқушылардың тілдік қорын дамыту көзделеді.
Мақсаты
- Горькийдің өмір жолы мен «Воробьишко» ертегісін оқыта отырып, бала торғайдың өмірге деген ұмтылысы туралы мағлұмат беру.
- Мәтінді талдай отырып, ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігі шексіз екенін ұғындыру.
- Жазушы қолданған айшықты, бейнелі сөздер арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту: очень черна чем хвалятся дитя упадёшь должность иди дальше
Күтілетін нәтиже
- Горькийдің өмір жолы мен «Воробьишко» ертегісін оқи отырып, бала торғайдың өмірге деген ұмтылысы туралы түсінік қалыптастырады.
- Мәтін арқылы ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігінің шексіз екенін ұғынады.
- Айшықты, бейнелі сөздерді талдау нәтижесінде оқушылардың сөздік және тілдік қоры кеңейеді.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Оқушыларды үй және дала құстарының суреттері бойынша екі топқа бөлу.
Миға шабуыл: жұмбақ
Я весь день ловлю жуков,
Ем букашек, червяков.
Зимовать не улетаю,
Под карнизом обитаю.
Прыг-скок! Не робей!
Я бывалый... (Воробей)
II. Жаңа сабақ
Жұмыс түрлері
- Түсіндірмелі тапсырма
- Жеке жұмыс
- Жұптық жұмыс
- Топтық жұмыс
Топтық тапсырма
Ертегіні екі бөлікке бөліп, екі топқа үлестіріп беру. Әр топ өз бөлігін мазмұндап, негізгі ойды анықтайды.
«Сөздер банкісі»: 2-тапсырма
Етістіктерден -ну(ть) жұрнағы арқылы жаңа сөздер құрастырып, түбірін белгілеңіз:
- махать — ...
- чирикать — ...
- глотать — ...
- качать — ...
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындату арқылы оқушылардың зейінін қайта шоғырландыру.
Ашық сұрақтар (топтық талқылау)
Бағалау: «Басбармақ»- Каким вы представляете Пудика в начале текста?
- Что случилось с Пудиком, когда он пел свою песенку?
- Как воробьиха-мать защищала своего сына?
- Чему учит эта сказка?
Ассоциация
Бағалау: «Үш шапалақ»Екі топ «Ана» сөзіне ассоциация құрастырады: қамқорлық, мейірім, қорған, жауапкершілік, сүйіспеншілік сияқты ұғымдарды негізге алып, дәлелмен толықтырады.
Жадыны дамыту ойыны және сөздікпен жұмыс
Мәтіндегі сөз тіркестері мен жаңа лексиканы есте сақтауға арналған қысқа ойын ұйымдастырылады. Оқушылар сөздердің мағынасын анықтап, сөйлем ішінде қолданады.