Кеспе әріптерінен сөз құрату

Сабақ туралы

Пән

Сауат ашу (1-сынып)

Тақырып

Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі

Оқу мақсаттары

  • Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
  • Оқудың түрлерін қолдану: буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныбымыз тап-таза,

Бор да дайын тақтада.

Денемізді жинақтап,

Отырайық партаға.

Кіріспе әңгіме: «Табиғатқа саяхат»

Біз ауылға саяхатқа шықтық. Ауылда өзен бар екен, өрісі де кең екен.

Өрісте жайылып жүрген төлдерді көрдік: бота, бұзау, қозы, лақ.

Өзеннің арғы бетінен көкектің дауысын естідік.

Өрік ағашын көріп, одан өрік тердік. Соңында ауылымызға көңілді өлең айтып қайттық.

Жаңа сөздермен жұмыс

Жаңа сөздер

өзен өріс төлдер көкек өрік өлең

Талдау сұрақтары

  • Өзен, өріс, өрік, өлең сөздерінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
  • Сөздерді буынға бөліп, мағынасын аш.
  • Қандай жаңа әріп кездесіп тұр?

Негізгі қорытынды

Өжіңішке дауысты дыбыс. Оқушылармен бірге дыбыстық және буындық талдау жүргізіледі.

Көптілді сөздік (мағынасын ашу)

Қазақша
Орысша
Ағылшынша
Өрік
абрикос
apricot
Өзен
река
river
Өрмекші
паук
spider

№1 Тыңдалым

Мерей: «Табиғат деген не?»

Сұрақтың жауабын төмендегі суреттер арқылы табуға болады. Табиғатқа тағы не жатады? Іздеуді ұйымдастыр.

№2 Оқылым

Оқулықта берілген сөздерді алдымен буындап, кейін тұтастай

шөл төл өрнек көрік көрме көл сөл өрмек көлік көрші көке өмір өрт өрме көгөніс

Сергіту сәті

Өзен, өлке, өмірде —

Ө дыбысы көңілде.

Өркеш-өркеш жерлерде,

Өріктерім төгілме. (Қимылмен көрсету)

Топтық жұмыс

1-топ

Кеспе әріптерден сөз құрастыр.

аңшы қамшы таң тоң жаңғақ оң

2-топ

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.

  • Са…ырауқұлақ
  • а…шы
  • ша…ғы
  • қа…қа
  • та… қурай

3-топ

Төмендегі сөздерден дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып, белгіле.

аңшы қаңқа шаңғы аң

Қорытынды

Сабақта оқушылар Ө дыбысы мен әрпін танып, сөздерден ажыратып, дыбыспен сәйкестендіреді.

Оқу дағдылары бекітіледі: буындап оқу, тұтас оқу және түсініп оқу.