Аяулы аналар
Сабақтың тақырыбы
Аналар — асыл жандар
Сабақтың мақсаты
- Балаларға көктем және 8 Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.
- Отбасындағы ананың орнын танытып, анаға деген құрметті ұғындыру.
- Ана туралы ұлағатты сөздер, өлеңдер арқылы мейірім, махаббат, жақсылық ұғымдарын тереңдету.
- Анаға деген сүйіспеншілік арқылы елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақтың көрнекілігі
Көрнекіліктер балалардың көңіл-күйін көтеріп, мерекелік атмосфераны қалыптастыруға бағытталған.
Шараның жүру барысы
Жүргізушінің құттықтауы
Аяулы аналар! Апайлар мен қызғалдақ қыздар, көктем мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей, сан алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер. Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын.
Құрметті қонақтар, бүгін сіздер мектепке дейінгі шағын орталықтың «Аналар — асыл жандар» атты мерекелік ертеңгілігін тамашалайсыздар.
Құшақ жая қарсы аламыз әсем шаттық көңілмен,
Қош келдіңіз, төрімізден орын алған көрермен.
Көп алдында бүлдіршіндер ән салып, өнер көрсетеді,
Тыңдаңыздар, тамашалап жаңа қырын өнердің.
Ән: «Құттықтаймын, мама» (хормен)
Орындаушылар: барлық балалар (хор).
Балалардың тақпақтары
Дильназ
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды қуантып,
Ән маржанын шашайық.
Назерке
Бүгін — наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның —
Анаға айтар лебізі.
Әлихан
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе —
Мейірімді күннен де.
Мансұр
Ана деген — асқақ ән,
Айтылар әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың ешқашан.
Көңілді көрініс
Көңілді әуенмен балалар сахнаға шығып, жарты шеңбер болып тұрады.
Аманат
Қазір бізде мереке, кешікпесін ешкім де!
Жанболат
Жаңа көйлек киген қыздар дайын отыр, келіп қалар!
Мансұр
Босқа тұрма сен енді, безендір тез бөлмені!
Шыңғыс
Айттым ғой сендерге, үлгермейміз біз енді!
Манас
Тыныш, тыныш, керіспеңдер. Қыздар келер, келіссеңдер.
Музыкамен қыздар сахнаға шығады. Ұлдар гүл ұсынып, вальс билейді.
Вальс: ұлдар мен қыздар.
Анаға арналған өлең жолдары
Аманат
Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп, дем алам
Құшағыңда қысылмай.
Жанболат
Айналайын, анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.
Айшабибі
Менің әжем, ақ әжем —
Ұл мен қыздың бағы, әжем.
«Ертегі айтып бер» десең,
Айтып берер тағы, әжем.
Манас
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ сүтіңді өтермін.
Шыңғыс
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын, анашым!
Ән: «Апа-ау»
Орындайтындар: Мадина мен Асылай.
Дидактикалық ойын: «Менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?»
Балаларға шар көрсетіледі. Шардың ішінде сұрақтар берілген. Шарды жарып, сұрақтарға жауап беріледі.
- 1 Бізді өмірге әкеліп, бағып-қағып, әлпештеп өсірген кім?
- 2 Біз қатты қуанғанда қуанышымызды кіммен бөлісеміз?
- 3 Біз ренжігенде, жылағанда жағдайымызды кімге айтамыз?
- 4 Бар тәттісін, бар жақсысын бізге беріп, киіндіріп, қамқор болатын кім?
Ән: «Ақ мамам» (хормен)
Әжеге және анаға арналған жолдар
Медина
Менің әжем — нар әжем,
Көп жасаған кәрі әжем.
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені — дәрі, әжем.
Даяна
Маме подарю салфетку,
Край украшу бахромой.
На салфетке вышью ветку
И цветочек голубой.
Данил
На земле добрее всех —
Дарит сказки, дарит смех.
Из-за нас порой грустит,
Пожалеет и простит.
Галя
В этом слове — солнца свет,
Лучше слова в мире нет.
Льется песенка ручьем —
Это мы о ней поем.
Би және әндер
Би: «Gangnam Style»
Орындаушылар: Аманат, Медина, Жанболат, Асылай.
Ән: «Қызыл өрік»
Орындайтын: Жанболат.
Қорытынды құттықтау
Мадина
Ана көркі — күнімнің,
Ана нұры — жерімнің.
Ана бағы — баланың,
Мақтанышы — елімнің.
Асылай
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелейсің әр күнмен.
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші наурызбен!
Бұл мерекелік ертеңгілік — ананың мейірімі мен еңбегін ұлықтап, бала жүрегіне алғыс пен құрмет дәнін себетін тәрбиелік шара.