Мұхтар ШахановЖігіттің екі сипатыМарсқаКім қайраттыКім кімге асқар тұлға, Мүмкін бе екен тағдырдан бас тартуға

Мұхтар Шаханов

Жігіттің екі сипаты

Марсқа
Кім қайратты
Кім кімге асқар тұлға,
Мүмкін бе екен тағдырдан бас тартуға?
Неткен ғажап,
Биіктен құлаған тас
Сынғанымен қалады тас қалпында.
Құзар шыңда,
Ойпаңда,
Бұралаңда,
Талайларды сын күтіп тұрады алда...
Быт - шыт болып кетпей ме қам кесектер
Кіп - кішкентай жырадан құлағанда.
Алуан тағдыр берілген бұл адамға
Есегінен ез жігіт құлағанда
Жұбатыңдар,
Аяңдар,
Өйткені оның,
Құм боп кетер жігері жылағанда.
Алуан тағдыр берілген бұл адамға,
Тұлпарынан ер жігіт құлағанда,
Жұбатпаңдар!
Ер адам от - жігерін
Намысына жаниды жылағанда.



Ұқсас жұмыстар

Түркия Республикасы
Ақын Мұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы
Оралхан Бөкей (1943-1993)
Әлем әдебиеті Мұхтардың шығармалары арқылы ұлы
Көпен Әмірбек
М.Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға
Қазақ билерінің тәлім-тәрбиелік көзқарастары
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Мұхтар Әуезовтың әңгімелерін оқыту
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар
Басқару процесiнiң мазмұны
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
ЖАМАҚҰЛЫ БЕЙБАРЫС
БАРАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК