Грамматикалық тақырып
5-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы
Бұл сабақ «Менің мектебім» тақырыбы аясында оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларын дамытып, реттік сан есімді меңгертуге бағытталған. Сабақ жаңа тақырыпты таныстыру және тәжірибеде қолдану арқылы жүргізіледі.
Сабақтың тақырыбы
Менің мектебім
Грамматикалық тақырып
Реттік сан есім
Мақсаты
Білімділік
- Тақырып бойынша жан-жақты мәлімет беру.
- Реттік сан есімді меңгерту.
- Сауатты жазуға және дұрыс сөйлеуге үйрету.
Дамытушылық
- Түсініп оқуға, сұраққа жауап беруге дағдыландыру.
- Ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту.
- Қызығушылықты арттыру, өздік бағалауды ұйымдастыру.
Тәрбиелік
- Отанды және мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
- Қоғамдық орында өзін мәдениетті ұстауға бағыт беру.
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет, тарих, математика, орыс тілі
- Әдіс-тәсілдер
- Бағыт беру, түсіндіру, топтық жұмыс, ойын элементтері, ізденіс жұмыстары
Сабақтың барысы
Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, жұмыс ережелерін еске салу.
II. Кезекшімен диалог
Қысқа сұхбат арқылы тілдік ортаға көшу.
III. Үй жұмысын тексеру
- «Қыс» мәтінін мазмұндау.
- Бағалау және бекіту.
- Өткен грамматикалық тақырып — антонимді қайталау үшін сұрақ-жауап.
Тақырыпты ашу: сөзжұмбақ
Сабақтың тақырыбын анықтау үшін интерактивті тақтадағы сөзжұмбақты шешеміз. Берілген сөздер:
- Учитель
- Широкий
- Дежурный
- Книга
- Окно
- Класс
Тігінен «мектеп» сөзі шығады. Демек, бүгінгі сабақтың тақырыбы — «Менің мектебім».
Кіріспе: «Кабинеттерге саяхат» форматы
Бұл сабақта біз топқа бөлініп, жарыса отырып, мектеп кабинеттеріне «саяхат» жасаймыз. Әр кабинет тапсырма ұсынады. Қабат жоғарылаған сайын тапсырмалар күрделене түседі.
1-топ: «Тәртіпті»
Тапсырмаларды ұқыпты орындауға бағытталған.
2-топ: «Әдепті»
Ынтымақтастық пен мәдени қарым-қатынасқа мән береді.
Мақсат — сабақ соңында «Білімді топ» атану үшін бар күшімізді салу.
Сұрақ: мектеп туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Сөздікпен жұмыс
Жаңа сөздермен танысайық:
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| Ұғым | понятие |
| Сауатты | грамотный |
| Реттік сан есім | порядковое числительное |
| Ереже | правило |
| Салынған | построен |
| Араб тілі | арабский язык |
Бұл сөздердің барлығы мектеп өмірімен тығыз байланысты.
Грамматикалық тақырыпқа шолу: реттік сан есім
Сұрақтар: Сан есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
Реттік сан есім заттардың санау кезіндегі ретін білдіреді және қай? (который?), нешінші? (который по счету?) сұрақтарына жауап береді.
Жасалу жолы
- Реттік сан есім есептік сан есімнен жұрнақ арқылы жасалады: -ншы / -нші (түбір дауыстыға аяқталса), -ыншы / -інші (түбір дауыссызға аяқталса).
- Ерекше жағдай: жиырма сөзіне -сыншы жұрнағы жалғанады.
Салыстыру: бір — один, бірінші — первый.
Саяхат тапсырмалары
Әр кабинетте тапсырма орындалады. Жауаптардың дұрыстығына қарай топтар бағаланады.
Математика кабинеті
Тапсырма: есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз.
1-топ
Үш…, алты…, жиырма…, он…, он бес…, жеті…
2-топ
Он алты…, жиырма бес…, қырық…, он төрт…, бес…, сегіз…
Оқушылар жұрнақтарды тиісті орындарына қояды. Нәтиже бағаланады.
Тарих кабинеті
Тақтадағы мәтінмен жұмыс:
- 1-топ мәтінді оқып, сұрақтар дайындайды және бір-біріне қояды.
- Тапсырма жазбаша орындалады.
- 2-топ сұрақтарға жауап береді және бағалайды.
Орыс тілі кабинеті
Кітаппен жұмыс: 148-бет, 2-тапсырма.
Мәтінді оқып, орыс тіліне аудару. Нәтиже бағаланады.
Музыка кабинеті
Сергіту сәті.
Дене тәрбиесі залы
Қазақ халқының ұлттық ойыны: «Ханталапай».
Мынау асық, асығыңдар келіңдер,
Сұрақтарға жылдам жауап беріңдер,
Мақал менен сан әлемге еніңдер,
Жұмбақтарды зерде менен шешіңдер.
Ойын шарты: ең аз асық жинаған топ мүшесі қоржыннан шыққан тапсырмаға жауап береді. Жауаптар бағаланады.
Бейнелеу өнері кабинеті
Рефлексия: оқушылар өз мектептерінің суретін салып, мектеп туралы қазақша айтып береді. Әр топ өз мектебін сипаттайды.
Қорытынды
- Сабақты бекіту: негізгі ұғымдарды қайталау, дұрыс/бұрыс жауаптарды талдау.
- Бағалау: әр топтың жетістігін атап өту.
- Үй тапсырмасы: күнделікке жаздыру және түсіндіру.