Табиғат тобының сұрақтары

Сыныптан тыс жұмыс

«Білімдіге биіктен орын» атты танымдық сайыс сабағы.

Мақсаты

  • Оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
  • Шығармашылық және өнерпаздық қабілеттерін байқату.
  • Құрмет пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ (физика пәні бойынша).

Ескерту: Сайысқа 4 сынып қатысады.

Кештің ашылуы

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған қауым! «Білімдіге биіктен орын» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызға 4 сынып қатысады. Залда тыныштық сақтап, тәртіпке мән берейік.

Ғылымдардың жаңасы — физика жайында сайысымызды бастаймыз.

Шабыттандыру

Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып.
Бір-бірімен жатқан тулап, арбасып,
О, толқындар арпалысып алға шық!

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын
Құштарлықтың толғағы мен көктемі. — Төлеген Айбергенов

Ақын жырлағандай, өмірдің өзі — сайыс. Бүгін физика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынасуға жиналып отыр. Қатысушыларға сәт сапар тілейміз: шыңдарға биік қоныңдар!

Сайыс кезеңдері

I тур — Таныстыру

Уақыты: 3 минут Бағалау: 10 балл

Әр топ өз атауын, эмблемасын және атауының мағынасын таныстырады.

7А тобы

«Табиғат»

7Б тобы

«Марс»

8А тобы

«Күш»

8Б тобы

«Найзағай»

II тур — «Кім көп біледі?»

Әр топқа: 5 сұрақ 1 сұрақ: 5 балл

Егер сұраққа жауап берілмесе, басқа топтарға жауап беруге мүмкіндік беріледі.

Сұрақ–жауап бөлімі

«Табиғат» тобының сұрақтары

5 сұрақ
  1. Бір заттың молекулаларының екінші зат молекулаларының арасындағы бос орындарға өтуі қалай аталады? Диффузия
  2. Заттың (әсіресе судың) негізгі күйлерін атаңыз. Қатты, сұйық, газ
  3. Тұңғыш жасанды Жер серігі қашан және қай жерде ұшырылды? 1957 жыл, Байқоңыр
  4. Жылдамдықтың өлшем бірлігі қандай? м/с
  5. Масса дегеніміз не? Денелердің инерттілігінің өлшемі