Септеулік шылаулармен сөз тіркестерін құраңдар

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан Республикасы. Септеулік шылаулар.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, слайд-шоу, интернет ресурстары.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Аударма
  • Баяндау
  • Тексеру
  • Ізденіс

Интеграциялық байланыс

Орыс тілі, жаратылыстану, тарих, қазақ әдебиеті.

Мақсаты мен міндеттері

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың Отан, ел туралы түсініктерін кеңейту.
  • Тақырып бойынша нақты әрі тиянақты жауап беруге үйрету.
  • Ойларын ауызша жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері

  1. Тақырып бойынша толық түсінік беріп, мәтінді талдау арқылы жаңа сабақты жан-жақты меңгерту.
  2. Пәнге қызығушылықты арттырып, есте сақтау мен ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. Отанын сүйетін, еліне және жеріне қамқор болатын патриот азамат тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушыларды психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындау.

Жапырақшаларды таратып, тілек жаздыру. «Жетістік ағашы» тілек жазылған жапырақтармен безендіріледі.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Мәтінді толықтыру.

«Менің Отаным» мәтіні

Менің Отаным — ______________.

Мен Қазақстанда тұрамын. Қарағанды қаласында тудым. Әке-шешем де Қарағандыда тұрады.

Қазақстан жері кең-байтақ әрі өте бай. Табиғаты әр алуан.

Жазық ______, _____, ____, _____, _____, шөлді аймақтар да бар.

Қазақстан жерінде көмір, мұнай, темір, алтын, мыс мол.

Мұнда барлық ______ еркін өмір сүреді.

Мен өз Отанымды _________ етемін.

III. Жаңа сабақ

Балалар, жаңа сөздермен таныспас бұрын «Кім көп сөз біледі?» ойынын ойнайық.

тәуелсіздік

независимость

шақырым

километр

жарияланды

объявлен

солтүстік-батыс

северо-запад

батыс

запад

оңтүстік-шығыс

южный-восток

көршіміз

соседи

өсімдік

растения

шектеседі

граничат

аумағында

величина, объем

жер көлемі

объем земли

шекара

граница

Сөз тіркестерін құрастыру

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырайық.

Септеулік шылау

Септеулік шылау сөздерді бағындыра байланыстырады. Ол атау, барыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздермен тіркесіп қолданылады.

Мысалы, сайын, үшін септеуліктері алдындағы сөздің атау септігінде тұруын қажет етеді: апта сайын, Отан үшін.

Алдындағы сөздің септігіне қарай септеулік шылаулардың 4 түрі бар.

1-тапсырма

Септеулік шылаулармен сөз тіркестерін құраңдар:

  • кейін
  • туралы
  • дейін
  • сайын
  • үшін