Жазу орталығы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы
Қатынас
Бөлімі
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы
8 саны және цифры
Мақсаты
а) Танымдық мақсат
8 саны мен цифрын енгізу; 8 санының қалай пайда болатынын түсіндіру; 8-ге дейінгі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру; 8 цифрын тану және дұрыс жазуды үйрету.
ә) Дамытушылық мақсат
Балалардың зейінін және есте сақтау қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелік мақсат
Бір-біріне көмектесуге дайын болуға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар
- 0-ден 8-ге дейінгі сандар (көрнекі карточкалар)
- Текше
- Суреттер
- Слайд
- Жұмыс дәптері
- Қосымша дидактикалық материалдар
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Шаттық шеңбері
Қайырлы таң, досым,
Қайырлы күн болсын.
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
Қайталау сұрақтары
- 1Қазір жылдың қай мезгілі?
- 2Қыс мезгілінде неше ай бар?
- 3Қазір қай ай?
- 4Өткен оқу іс-әрекетінде қай санмен таныстық?
- 5Бір аптада неше күн бар?
- 67 саны туралы тағы не білеміз?
Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңі
Ойын: «Кім шапшаң?»
Балалар сұрақтарға тез жауап береді.
- Аспанда неше ай бар?
- Бағдаршамда неше көз бар?
- Қонжықтың табаны нешеу?
- Адамда неше көз бар?
- Қолғапта неше саусақ бар?
- Қоянда неше құлақ бар?
- Аспанда қанша жұлдыз бар?
Жаттығу 1
1-ден 7-ге дейінгі сандарды тура және кері санау.
Жаттығу 2
Сандардың құрамын табу.
Жаңа сабақ
Логикалық жұмбақ
Төңкергенде өзгермейді, қаласың таң.
Айта қойшы, білсең егер, қай сан?
Жауабы: 8
Логикалық сұрақ
Үйде бізде көп кісі, мен олардан көп кіші. Апам, әкем, әжем, атам және мен — бәрі неше кісі?
Жауабы: 5 кісі
Сұрақ-талқылау
- ?8 санына байланысты қандай мереке бар?
- ?8 наурыз қандай мереке?
- ?Дүниедегі ең жақын адам кім?
- ?8 саны нелерге ұқсайды?
Ой қозғау
Анасы баласына компьютерге отыруға 9 минут уақыт берді. Біраз уақыттан соң: «Балам, бір минуттан кейін тұрасың», — деді. Сонда бала неше минут отырған?
Жауабы: 8 минут
8 санының жазылуы
8 цифрын танып, үлгі бойынша дұрыс жазуға үйрену.
Құрамымен таныстыру
8 санының құрамын әртүрлі тәсілмен табу.
Орталықтар бойынша жұмыс
Жазу орталығы
- 8 санын үлгі бойынша бастырып жазады.
- Кітаптардың нөмірін жапсырады.
- Шаршы емес және жолағы жоқ жалаушаны бояйды.
Сергіту сәті
Оңға қарай жүрейік — 1, 2, 3,
Солға қарай жүрейік — 1, 2, 3,
Құс боп қанат қағайық,
Орнымызды табайық.
Оқу орталығы — 1-топ
- 8 санының құрамын табу.
- Суреттер бойынша өрнек құрастыру.
Оқу орталығы — 2-топ
- 8 санының құрамын табу.
- Кішкентай вагондар арқылы көрші сандарын анықтау.
Оқу орталығы — 3-топ
- 8 санының құрамын табу.
- Сандарды салыстыру.
Еңбек орталығы
1-топ
Қарды ермексазбен мүсіндеп, жапсыру.
2-топ
Шананы бояп, әр баланың қасына орналастыру.
3-топ
Аққала құрастырып, жапсырмалау.