Мемлекеттік тіл

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп
Астана қаласы №43 орта мектебі
Пән мұғалімі
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Деңгей
Бастауыш
Сабақ тақырыбы
Мемлекеттік тілді білу — парыз
Сабақ әдісі
Түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Мемлекеттік тілді білудің әр адамға парыз екені туралы жалпы түсінік беру, мәтіннің негізгі ойын анықтау, тапсырмалар арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашу, жаттығулар арқылы сөздік қорды байыту.

Дамытушылық

Грамматикалық тапсырмаларды сауатты әрі дұрыс орындауға үйрету, тыңдаушылардың дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік

Қазақша сөздерді дұрыс айтуға, сұрақ қоя білуге және толық жауап беруге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    • Сәлемдесу.
    • Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.
    • Қал-жағдай сұрасу.
    • Үй тапсырмасын тексеру.
  2. 2

    Жаңа сабақ: оқылым және сөздік жұмыс

    Жаңа сөздер

    Қазақша Аудармасы (орысша)
    Тіл язык
    Мемлекеттік тіл государственный язык
    Меңгеру владеть
    Сөйлеу говорить
    Қабылдады приняли
    Парыз долг
    Ел народ
    Өмір сүреді проживает

    2-тапсырма: сөйлем құраңыз

    Жаңа сөздерді қолданып сөйлем құраңыз. Мысалы: ҚР мемлекеттік тілі — қазақ тілі.

    3-тапсырма: синонимдерді топтаңыз

    Есіңізде сақтаңыз: берілген сөздерді синонимдік топтарға бөліп жазыңыз.

    Халық Өмір Тұрады Меңгеру Жұрт Парыз Ел Игеру Есептеу Борыш Санау Ұлт Міндет Тіршілік Өмір сүреді

    Тыңдаңыздар, қайталаңыздар

    Тіл — халықтың жаны, сәні.

    Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді.

    Тіл бар жерде, халық бар.

    Тілін білмеген — түбін білмейді.

    Өз тілің — бірлік үшін, өзге тіл — тірлік үшін.

    4-тапсырма: тіл туралы мақал-мәтел

    Тіл туралы 5 мақал-мәтел жазыңыз.

    • 1. Тіл — көңілдің кілті.
    • 2. Ең тәтті де — тіл, ең ащы да — тіл, ең жұмсақ та — тіл, ең қатты да — тіл.
    • 3. Өнер алды — қызыл тіл.
    • 4. Өз нұсқаңызды жазыңыз.
    • 5. Өз нұсқаңызды жазыңыз.

    Сөйлесім: қысқаша мәтін

    ҚР мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін 1989 жылы 22 қыркүйекте алды. Ал 1997 жылы 11 шілдеде жаңа заң өңделіп, толықтырылып қайта қабылданды.

    Жаңа заң 6 тараудан тұрады. 1-тарауда жалпы ережелер берілген. Қазақстанда тұратын әр азаматтың қазақ тілін меңгеруі — міндет.

    5-тапсырма: сөйлемдерді құрастырыңыз

    Берілген сөздерді дұрыс ретке келтіріп, сөйлем құрастырыңыз.

    1. 1) Өмір бойы әрбір адамға тіл керек.
    2. 2) Қазіргі уақытта көп тіл білу — талабы.
    3. 3) Көп тіл білген адамды полиглот деп атайды.

    6-тапсырма: танысу сұрақтары

    Сұрақтарға толық жауап беріңіз.

    1. Аты-жөніңіз кім?

    2. Жасыңыз нешеде?

    3. Ұлтыңыз кім?

    4. Ана тіліңіз қай тіл?

    5. Мемлекеттік тілде сөйлей аласыз ба?

    7-тапсырма: аударыңыз және қосымшаны жалғаңыз

    Жақша ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударып, қажетті қосымшаны жалғаңыз.

    Тіл — адамды көкке көтереді, тіл арқылы ел бақытқа жетеді. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Қазақтар әдемі әрі шешен сөйлеудің үлкен шебері.

    (человек → адам, счастье → бақыт, народ → халық, будущий → болашақ, мастер → шебер)

  3. 3

    Қорытынды

    Бүгін «Мемлекеттік тілді білу — парыз» тақырыбы бойынша мәтінмен жұмыс жасап, бірнеше тапсырма орындадық. Сабақты сұрақ-жауап арқылы бекітеміз.

  4. 4

    Үй жұмысы

    • Жаңа сөздерді жаттау.
    • «Мемлекеттік тілді білу — парыз» тақырыбында эссе жазу.