Мультфильм әлеміне саяхат Алтын қарбыз мультфильмі
Сабақ туралы мәлімет
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Қопа орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Бахтыбаева Кенжегүл Жарасқызы.
Сабақтың тақырыбы
В. Сухомлинский — «Нағыз адам»
Білімділік
- Оқуға қызығушылық ояту, түсініп оқуға үйрету.
- Жүйелі баяндау, өз ойын ашық жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
- «Нағыз адам» мәтінінің мазмұнын ашу.
Дамытушылық
- Сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.
- Тіл байлығын, пікір айту мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік
- Бірлесіп жұмыс істеуге баулу.
- Өзара сыйластықты қалыптастыру.
- Адамгершілік құндылықтарды бойға сіңіру.
Сабақтың форматы
- Түрі
- Дамытпалы сабақ
- Типі
- Жаңа материалды меңгерту
Құралдар мен көрнекіліктер
- Презентация, мультфильм
- A3 қағазы
- В. Сухомлинскийдің портреті
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
I. Кіріспе бөлім
1) Ынтымақтастық орта қалыптастыру: «Менің көңіл-күйім…»
Оқушылар өз көңіл-күйлерін сипаттап, сыныпқа жариялайды. Мысалы: «Менің бүгінгі көңіл-күйім жарқыраған күнге тең».
2) Топқа бөлу (мақал-мәтел арқылы)
1-топ — Ақылдылар
«Айдынды жақсы аймен тең, жомарт жігіт баймен тең.»
2-топ — Мырзалар
«Биік төбеге шықсаң көзің ашылады. Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.»
3-топ — Мейірімділер
«Жақсылық жасасаң, жасыр. Жақсылық көрсең, асыр.»
Алтын ереже: сыныппен бірлесіп құрастыру.
3) Үй тапсырмасын тексеру
«Сәлем, бұл мен…» және «Ойлан, тап!» форматында сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
II. Тұсаукесер
«Ойлан, тап!» сұрақтары
Екі көзің не үшін керек? — Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек? — Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек? — Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек? — Туған жерде жүру үшін.
Бүгінгі сабақта көзімізбен жақсыны көріп, жаманды ажыратып, құлағымызбен жақсы сөзді естіп-айтуды үйренеміз. Қолымызбен жұбымызға және тобымызға көмектесеміз.
1) «Мультфильм әлеміне саяхат»
«Алтын қарбыз» мультфильмін көру арқылы сабақ тақырыбы ашылады. Одан кейін «Миға шабуыл» әдісімен талқылау жүргізіледі.
Талқылау сұрақтары
- Мультфильмнен нені байқадыңдар?
- Бүркіт не себепті жақсылық жасады?
- Жігіт алтынды неге түгел таратты? Ол қандай адам?
- Осы оқиғаға қандай мақал-мәтел сай келеді?
- Мультфильмнің бүгінгі сабақпен байланысы қандай?
Қорытынды ой: нағыз адам — мейірімді, қайырымды, жақсылық жасайтын жан. Оқушылар мультфильм кейіпкерін «нағыз адам» деуге бола ма деген сұраққа пікір білдіреді.
III. Негізгі бөлім
Автор туралы қысқаша мәлімет
Василий Сухомлинский 1918 жылы 28 қыркүйекте Херсон губерниясы, Александр уезінде дүниеге келген. Қарапайым отбасында тәрбиеленген. 1936 жылы Полтава педагогикалық институтын бітіріп, мектептерде мұғалім болған. Ол — педагог, «Ұлыма хат», «Ата-аналар педагогикасы» сияқты еңбектердің авторы.
Бүгін біз В. Сухомлинскийдің «Нағыз адам» әңгімесімен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс
- Әр топ мәтінді түсініп оқиды.
- Жұпта және топта талқылайды.
Талқылау тапсырмалары (топтарға)
1-топ
Неге атасы бірінші келген кісіге «Бұл адам емес» деді?
2-топ
Неліктен атасы келесі адамды да «Әлі адам деуге болмайды» деп бағалады?
3-топ
Атасы құдық басына келген соңғы адамды неге «Нағыз адам» деп санады?
Нақтылау сұрақтары
- Құдыққа бірінші келген адам неге су ішпей кетті?
- Екінші келген адам неге шелегін тастамай кетті?
- Үшінші адам неге шелегін тастап кетті?
Оқушылардың пікірлері мен болжамдары тыңдалады.
Сергіту сәті
«Буги-буги» биі арқылы сергіту.
Шығармашылық жұмыс (топтық тапсырмалар)
1-топ
Рөлге бөліп сомдау.
2-топ
Венн диаграммасын құрастыру.
3-топ
РАФТ әдісі:
Р — рөл: бала
А — аудитория: құдықтан су алған кісі
Ф — форма: алғыс хат
Т — тақырып: «Сіз нағыз адамсыз»
IV. Қорытынды
Еркін жазу
«Мен нағыз адаммын» тақырыбында эссе жазу.