Химия - заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені
Химия пәнінің мұғалімі: Темиралиева Аяжан Джигеровна
Қысқа мерзімді жоспар
Пән
Химия
Сынып
8
Сабақтың тақырыбы
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы туралы қысқаша тарихи мәліметтер. Техника қауіпсіздігі (ТҚ) ережелері бойынша кіріспе.
Жалпы мақсаты
-
Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы ретінде химия пәні туралы түсінік қалыптастыру.
-
«Зат» ұғымын қалыптастырып, оның «дене» ұғымынан айырмашылығын қарастыру.
-
Химия тарихы туралы қысқаша мәлімет беру.
-
Химияның негізгі міндеттерімен таныстыру және пәнаралық байланыстарды көрсету.
Мұғалім әрекеті
Ұйымдастыру
- Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау.
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Кіріспе ой
Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те, көретініміз – химия ғажайыптары. М. В. Ломоносовтың: «Химия адам ісіне құшағын кең жаяды» деген сөзімен сабақты бастау орынды.
Күнделікті өмірден мысалдар
Біз күнделікті өмірде отынның жануын, металдардың тоттануын, судың булануын және қатуын сияқты құбылыстарды үнемі байқап жүрміз.
Химияның өзара байланысы
Химия физикамен тығыз байланысты. Ломоносов: «Бұл екі ғылым өзара байланысқандығы соншалық, бірінсіз бірі жетіле алмайды», – деп жазған. Сонымен қатар химия геологиямен және биологиямен де сабақтас.
Пәнаралық байланыс: геохимия
Химия мен геология тоғысында Жердің әртүрлі жүйелерінде химиялық элементтердің таралуын және миграциясын зерттейтін геохимия ғылымы қалыптасты.