Сөздік қорларын молайту, сауатты жазуға қалыптастыру

Сабақтың мазмұны

Сабақтың атауы

Сан есімдерге жаттығу жұмысы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

  • Сөздік жұмыс
  • Топпен жұмыс

Мақсаты

  • Оқушылардың сөз таптары туралы түсінігін тереңдету.
  • Сан есім туралы ұғым қалыптастыру; заттың санын, ретін білдіретін сөздер екенін меңгерту.
  • Сан есімді сөйлем ішінен табуға, ажыратуға, зат есіммен байланысын анықтауға үйрету.
  • Сөздік қорды молайту, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
  • Шығармашылық, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Табыстылық критерийлері

  • Сыни тұрғыдан ойлау.
  • Тақырып бойынша білім алу.
  • Алған білімді тиянақтау, пысықтау.
  • Өз бетінше жұмыс жасау.

Күтілетін нәтижелер

  • Логикалық ойлау, сөздік қор және шығармашылық қабілет дамиды.
  • Ұлттық тәрбие мен патриоттық сезім қалыптасады.
  • Ынтымақтастық атмосферасы нығаяды.

Сілтеме (оқулық/дереккөз)

Г. И. Уайсова, Р. С. Әміров, Ә. Е. Жұмабаева. Алматы: Атамұра, 2013 ж., 4-басылым (өңделген).

Сабақтың барысы

1) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық: “Мен елімді сүйемін” тренингі

  1. Егер сіздің досыңыз болса, басыңызды сипаңыз.
  2. Егер мысығыңыз болса, көршіңіздің басын сипаңыз.
  3. Егер итіңіз болса, көршіңізді құшақтаңыз.
  4. Егер мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяқтарыңызды топырлатыңыз.
  5. Егер Отанды жақсы көрсеңіз, қолдарыңызды жоғары көтеріңіз.

Топқа бөліну:

Оқушылар суреттер арқылы 3 топқа бөлінеді.

2) Білу

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар таңдаған суреттері туралы қысқаша әңгімелейді.

3) Түсіну

Күннің жадын және тақырыпты жазу. Көркем жазу.

Ереже: Заттың санын және ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз.

Сан есімдерге Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтары қойылады.

Құрамына қарай

  • Дара
  • Күрделі

Мағынасына қарай

  1. Есептік
  2. Реттік
  3. Болжалдық
  4. Топтау
  5. Жинақтық
  6. Бөлшектік

Бейнежазба

imektep ресурсы бойынша “Сан есім” тақырыбындағы бейнематериалды көру.

4) Талдау

Дәптермен жұмыс

467-жаттығу

Жұмбақ есепті оқып, шешуін табыңыз. Сан есімдердің астын сызып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтаңыз.

Он бір түйе, бес жылқы, Екі сиыр, бес ешкі. Екі қоян, үш түлкі — Таба алмасаң, бол күлкі.

468-жаттығу

Жаңылтпашты оқып, жатқа жазыңыз.

Қырық құлып, Қырық құрық. Құлып та — қырық, Құрық та — қырық.

Қосымша сұрақ: “Құрық” сөзінің мағынасын білесіз бе?

Топтық жұмыс: “Сөздер банкісі”

Қима қағаздағы сан есімдерді ажыратып, тиісті “сөздер банкісіне” жапсырыңыз.

1-топ

Есептік

2-топ

Реттік

3-топ

Жинақтық