Мал атасы

Сабақ тақырыбы

Дауысты және дауыссыз дыбыстар. «Төлді қалай шақырады?»

Білімділік

  • Оқушыларды «Төлді қалай шақырады?» өлеңімен таныстыру.
  • Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс түрлерін ажыратуды үйрету.
  • Дыбыс пен әріптің айырмашылығын меңгерту.

Дамытушылық

  • Сауаттылыққа баулу.
  • Сауатты әрі көркем жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

  • Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
  • Еңбекқорлыққа баулу, үлкенді құрметтеуді қалыптастыру.

Сабақ түрі

Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

СТО стратегиялары Түсіндіру Сұрақ-жауап Көрнекілік Жарыс Ойын

Көрнекіліктер

  • Сөйлем үлгілері
  • Суреттер
  • Қима қағаздар

Сабақ жоспары

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі
  2. II. Үй тапсырмасын тексеру
  3. III. Жаңа сабақ
  4. IV. Жаңа сабақты бекіту
  5. V. Қорытындылау, бағалау
  6. VI. Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа дайындығын тексеру, оқу құралдарын әзірлеу.

Үй тапсырмасымен жұмыс

Оқушылардың білімін белсенді меңгеруге дайындау. Сөйлем туралы білімдерін қайталау және пысықтау.

Жаңа сабаққа кіріспе

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. «Дыбыс» ұғымын ашып, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату.

Дауысты дыбыстар

А, Ә, Е, О, Ө, Ұ, Ү, Ы, І, И, (У), Ю, Я, Ё, Э

Дауыссыз дыбыстар

Б, В, Г, Ғ, Д, Ж, З, Й, К, Қ, Л, М, Н, Ң, П, Р, С, Т, Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Ш, Щ, (У)

Жетелеуші сұрақтар

  • Дыбыс деген не?
  • Дыбыс түрлерін ата.
  • Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?

Дәптермен жұмыс

Көркем жазу сәті

Қаламсапты дұрыс ұстау және дұрыс отыру ережелері ескертіледі.

Төрт түлік және төлдері

Жылқы
құлын
Түйе
бота
Сиыр
бұзау
Қой, ешкі
қозы, лақ

Сұрақ-жауап

  • Төрт түлік малдың пайдасы қандай?
  • Мал сүтінен жасалатын тағамдарды ата.
  • Мал етінен жасалатын тағамдарды ата.
  • Төрт түлікке байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Жаттығу жұмыстары

17-жаттығу — «Мал атасы»

  1. 1)Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.
  2. 2)Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката сөздерін жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сызу.

18-жаттығу

  1. 1)Мәнерлеп оқу.
  2. 2)Қалың әріппен жазылған сөйлемді көшіріп, әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызу.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың назарын қайта шоғырландыру.

Оқулықпен жұмыс

«Төлді қалай шақырады?»

  • Мұғалімнің мәнерлеп оқып беруі.
  • Мазмұнын түсіндіру.
  • Оқушыларға тізбектей оқыту.
  • Мазмұндау жұмысы.

Талқылау сұрақтары

  • Төлдерді қалай шақырады?
  • Төлдер туралы өздерің не білесіңдер?
  • Мысықты және итті қалай шақырады?

Сыныппен қосымша жұмыс

Дауыссыз дыбыстарды жатқа жазу

Дауыссыз дыбыс әріптерін жатқа жазып шығыңдар:

Б, В, Г, Ғ, Д, Ж, З, Й, К, Қ, Л, М, Н, Ң, П, Р, С, Т, Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Ш, Щ, (У)

Қорытындылау және бағалау

«Біз бүгін не білдік?» сұрағы бойынша талқылау жүргізіледі. Оқушылардың білімі мен белсенділігі бағаланады.

Үй тапсырмасы

Өлеңді жаттау.