Сайттар мен беттердің үлгісі

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың мақсаты

Білімділік
Оқушылардың FrontPage редакторы туралы білімін жетілдіру және оны қолдануды үйрету.
Дамытушылық
FrontPage редакторын толық түсіндіру арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілікке, тазалыққа, кішіпейілділікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру

Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі
Баяндау, сұрақ-жауап, практикум
Көрнекіліктер
Дербес компьютер, FrontPage редакторы, тапсырмалар, сызбалар

Сабақ жоспары

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2 Жаңа тақырыпты түсіндіру
  3. 3 Сабақты бекіту
  4. 4 Сабақты қорытындылау
  5. 5 Бағалау
  6. 6 Үй тапсырмасын беру

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру және назарларын сабаққа аудару.

II. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Егер алғашқы электрондық есептеуіш машинаның (ЭЕМ) бүгінгі күннен небәрі жарты ғасыр бұрын ғана жасалғанын ескерсек, Internet-ті компьютерлік әлемнің ардагері деуге болады. Себебі Internet тарихы шамамен 30 жыл бұрын басталған.

Алпысыншы жылдардың соңында құрылған желі АҚШ-та негізінен коммуникациялық мақсатта қолданылды және ARPAnet деп аталды. Ол көбіне жоғары оқу орындарында пайдаланылып, тек сексенінші жылдары ғана бүкіл елге кең таралып, Internet атауын алды.

Бүгінгі күні Web-беттерді құруға арналған жүздеген бағдарлама мен құрал бар. Солардың ішінде HTML-редакторлар, графикалық пакеттер және Web-бет құруға арналған қуатты бағдарламалардың бірі — FrontPage.

Web-бет жасауға кіріспес бұрын негізгі түсініктер мен терминдерді меңгеру қажет.

Сайт

Анықтама

Web-серверде орналасқан HTML пішіміндегі беттердің жиынтығы.

Web-сервер

Анықтама

Интернетке үнемі қосылып тұратын компьютер; пайдаланушылар сұранысы бойынша Web-беттерді ұсынады.

Web-торап

Анықтама

Жай беттер жиынтығынан кең ұғым: торапты біртұтас етіп байланыстыратын гиперсілтемелер жүйесі бар құрылым.

Үй беті (Home page)

Анықтама

Пайдаланушы Web-торап атауын көрсетіп, нақты бет атауын бермегенде сервер ұсынатын бастапқы Web-бет.

Шаблон

Анықтама

FrontPage ұсынатын сайттар мен беттерді жылдам құрастыруға арналған үлгі (дайын құрылым).

Көрнекі материалдар

  • 1-сызба: Негізгі түсініктер мен терминдер.
  • FrontPage редакторы бойынша демонстрация.
  • 2-сурет: «Менің сыныбым» бетінің үлгісі.

III. Сабақты бекіту

1) Сөзжұмбақ (тірек сөздер)

Төмендегі терминдерді олардың анықтамаларымен сәйкестендіріңіз.

Термин Түсіндірме
Folders Инструменттер панеліндегі торап ішінде қапшықтар мен файлдармен жұмыс істеу режимі.
Preview Нәтижені браузердегідей қарап шығу.
Reports Есептер: торап туралы ақпарат.
Normal Бетті визуалды түрде құру (Word-тағыдай).
HTML Гипермәтіндік белгілеу тілі.
JPEG FrontPage бағдарламасында қолданылатын графикалық форматтардың бірі.
Tasks Тапсырмаларды бейнелейді.
Navigation Торап құрылымын көруге және өзгертуге мүмкіндік береді.
Web-сервер Интернетке үнемі қосылып тұратын компьютер.

2) Тест сұрақтары

Әр сұраққа бір дұрыс жауапты таңдаңыз.

  1. 1. Интернет мәліметтерін графикалық интерфейс арқылы оңай көруге мүмкіндік беретін қызмет түрі:

    • A) Internet
    • B) Arpanet
    • C) WWW
    • D) Usenet
  2. 2. Интернет желісімен жұмыс істеу үшін қажет құрылғылар:

    • A) Компьютер, модем, телефон
    • B) Компьютер, сканер, модем
    • C) Компьютер, телефон
    • D) Компьютер, модем, принтер
  3. 3. FrontPage-де ең жиі қолданылатын графикалық формат:

    • A) BMP
    • B) TIFF (TIF)
    • C) PCX
    • D) JPEG (JPG)
  4. 4. Шаблондар дегеніміз:

    • A) Сайттар мен беттердің үлгісі
    • B) Бағдарламалық модуль
    • C) Тапсырмаларды бейнелейді
    • D) Түстер палитрасы
  5. 5. Сайт дегеніміз:

    • A) Нақты бет атауы көрсетілмегенде сервер беретін Web-бет
    • B) Пайдаланушы сұранысы бойынша беттерді беретін үнемі қосулы компьютер
    • C) Web-серверде орналасқан HTML пішіміндегі беттердің жиынтығы
    • D) FrontPage ұсынатын сайт/бет үлгісі
  6. 6. Сервердің бастапқы бетінде жазылатын адрес:

    • A) IP адресі
    • B) URL адресі
    • C) DNS адресі
    • D) SRL адресі
  7. 7. Интернетке қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға:

    • A) Сервер
    • B) Протокол
    • C) Провайдер
    • D) Модем
  8. 8. Web-беттерді құруға арналған бағдарлама:

    • A) PowerPoint
    • B) Paint
    • C) Word
    • D) FrontPage

IV. Сабақты қорытындылау

Бүгін біз Web-бет құруға арналған редактормен таныстық. FrontPage редакторын пайдалану арқылы өз Web-бетіңізді құрудың негізгі тәсілдерін меңгердіңіз және берілген тапсырмаларды өз бетіңізше орындауға дағдыландыңыз.

V. Бағалау

Сабаққа қатысу белсенділігіне қарай және орындалған тапсырмалар сапасына сәйкес оқушылар бағаланады.

VI. Үй тапсырмасы

«FrontPage редакторы және онымен жұмыс» тақырыбын оқып келу, сұрақтарға дайындалу.