Сыр сандықтың сырын ашу ойыны

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, №221 Аққұм негізгі білім беретін мектебі.

Мұғалім

Маханова Динара Рысбекқызы (мектепалды даярлық сыныбы).

Білім беру саласы

Қатынас

Бөлім

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы

«С» дыбысы мен әрпі (слайд арқылы)

Мақсаттар мен күтілетін нәтиже

Білімділік

  • Балаларды «С» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.
  • «С» дыбысы бар сөздер мен сөйлем құрастыруға бағыттау.

Тәрбиелік

  • Дамытушы ойындар арқылы еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
  • Ұқыптылық пен жауапкершілікті қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Тілдік және сөздік қорын байыту.
  • Ойлау қабілеті мен қиялын дамыту.

Сабақтың сипаттамасы

Типі
Жаңа сабақ
Түрі
Дәстүрлі сабақ
Әдістері
Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс
Көркем әдебиет, іс-әрекет

Көрнекіліктер

  • Дидактикалық материалдар
  • «Сс» әрпінің баспа түрі
  • Текшелер
  • Түрлі суреттер

Күтілетін нәтиже

Нені біледі

«Сс» дыбысы мен әрпін таниды.

Қандай түсініктерді игереді

«С» дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында кездесетінін түсінеді.

Дағдылар

Өз ойын анық әрі ашық айтуға дағдыланады.

Сабақ барысы: кезеңдер мен тапсырмалар

I. Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Ұйымдастыру

  • Оқу құралдарын түгендеу.
  • Зейінді сабаққа аудару.
  • Көңіл күйді смайликтер арқылы анықтау.

Өткенді қайталау

«Сыр сандықтың сырын ашу» ойыны арқылы алдыңғы тақырыптар еске түсіріледі.

Біз нені білеміз?

  • Әріп
  • Дыбыс
  • Дауысты дыбыстар
  • Дауыссыз дыбыстар

1-тапсырма

Сөздерді буынға бөл:

  • балық
  • барабан
  • бағдаршам
  • бешбармақ

2-тапсырма

Суретке қарап сөйлем құра.

3-тапсырма

Буындардан сөз құрастыр.

II. Ұйымдастыру-ізденушілік кезең (жаңа сабақ)

Дидактикалық ойын: «Дәл тауып айт»

Мұғалім сұрақ қояды, балалар «С» дыбысынан басталатын сөзді табады:

  • Қыздар құлағына тағады — сырға.
  • Қыздар қолына тағады — сақина.
  • Уақытты көрсетеді — сағат.
  • Сиырдан алынады — сүт.
  • Сызуға арналған құрал — сызғыш.
  • Мектепте оқимыз — сабақ.
  • Кітаптарды саламыз — сөмке.
  • Кірді жуамыз — сабын.
  • Балалар шайнайды — сағыз.

Осы сөздердің барлығы қай әріптен басталып тұр? Дұрыс: «Сс». Бүгін біз «С» дыбысы мен әрпімен танысамыз.

Жұмбақ және дыбысты ажырату

Жұмбақ:
Түсі суық, ызғарлы,
Аузында айыр тісі бар.

Жауабы: жылан.

Жылан қандай дыбыс шығарады? «С-с-с». Осы арқылы балалар «С» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін анықтайды: дыбыс айтылғанда ауа кедергіге ұшырап шығады.

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Әріп дегеніміз не?
  • Дауысты мен дауыссыз дыбысты қалай ажыратамыз?

«С» дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

«С» дыбысы сөздің барлық буындарында кездеседі: басында, ортасында, соңында.

Мысалдар

сүзбе, маса, троллейбус, автобус, Досымжан, Ерсұлтан, Диас, Сая, құс, сауысқан, саусақ.

Әліппе-дәптер бойынша

Суреттер: асық, сандық, күнбағыс. Оқушылардан «С» дыбысының қай жерде тұрғанын анықтау сұралады.

Оқу тапсырмасы

Оқы: са, сана, сақ, со, сона, сал, дос, Айдос, Досан.

Жазу жұмысы: «Сс» әрпі

Дыбысты көру үшін оны әріпке айналдырамыз. Мұғалім «Сс» әрпінің баспа түрімен таныстырып, қолды жазуға дайындайды.

  1. 1 «Сс» әрпін ауада жазу.
  2. 2 Үстінен бастырып жүргізу.
  3. 3 Әліппе-дәптерге жазу.
  4. 4 Тақтаға жазу.

Сергіту сәті

Бала-бала, балақан, Қане қайсы алақан? Саусақтарың әйбәт, Былай-былай ойнат.

Сергіту жаттығуы ұсақ моториканы белсендіреді және балалардың назарын қайта шоғырландырады.

III. Кері байланыс және қорытынды

Сурет бойынша әңгіме құрау

Мұғалімнің көмегімен оқушылар төмендегі үлгі бойынша жауап береді:

Сұрақ

Балалар не істеді?

Жауап

Балалар гүлге су құйды.

Сұрақ

Диас не істеді?

Жауап

Диас гүлге су құйды.

Сұрақ

Ерсұлтан не әкеліп жатыр?

Жауап

Ерсұлтан су әкеліп жатыр.

Мадақтау және қорытынды ой

Сабақ соңында оқушылардың белсенділігі атап өтіледі, дұрыс жауап берген және ынталы қатысқан балалар мадақталады.

Қорытынды

Бүгін балалар «Сс» дыбысы мен әрпін меңгеріп, оның сөздің әр бөлігінде кездесетінін анықтады, оқып-жазу дағдыларын бекітіп, сөйлем құрау арқылы тілін дамытты.