Сабақтың барысы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қосарланған сабақ жоспары (ОЖСБ-ға дайындық)

Пән

Қазақ тілі

Тақырып

«Лексика» тарауын қайталау және бекіту

Сабақ форматы

Қосарланған сабақ

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: лексика тарауын қайталау арқылы оқушы білімін жүйелеу және тексеру.
  • Тәрбиелік: сөз құдіретін терең түсінуге, сөзді орынды қолдануға, диалог құруға үйрету.
  • Дамытушылық: шығармашылық қабілетін ояту, ойдағы бейнелерді еске түсіріп, көркем тұжырым жасауға бағыттау.

Ұйымдастыру деректері

Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, баяндау, тақтамен жұмыс
Көрнекіліктер
Тірек-сызбалар, тест, деңгейлік тапсырмалар, оқулық

Сабақтың барысы

Кезеңдер
Уақыты
  1. 1) Тест тапсырмасын орындау
    7–10 мин.
  2. 2) Тест жауаптарын өзара тексеру
    5–7 мин.
  3. 3) Дәріс №1
    20 мин.
  4. 4) Дәріс №2: бекіту
    10 мин.
  5. 5) Дәріс №3: қорытындылау
    7–10 мин.
  6. 6) Өзіндік жұмыс
    15 мин.
  7. 7) Практикалық тапсырмалармен жұмыс
    7–10 мин.
  8. 8) Кері байланыс
    15–20 мин.
  9. 9) Қорытынды бағалау
    5 мин.

Тест тапсырмалары

Лексика бөлімі бойынша (7–10 минут)

Формат: бір дұрыс жауап

1. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздерді қалай атайды?

  • A) көнерген сөз
  • B) диалект сөз
  • C) кірме сөз
  • D) термин сөз
  • E) кәсіби сөз

2. Қай сөздер синоним емес?

  • A) шөміш — бақыраш
  • B) шелек — бақыр
  • C) кесе — пиала
  • D) шаппа — пәкі
  • E) ожау — шәугім

3. «Кішкентай» сөзінің диалект нұсқасын табыңыз.

  • A) зіңгіттей, дардай, алпамсыдай
  • B) пәс, қопал, олақ
  • C) қортық, құртақандай, дардай
  • D) кіттай, міттай, мұқымдай
  • E) ұзынтұра, сорайған, бишкі

4. Антоним болатын термин сөздер жұбын көрсетіңіз.

  • A) жарлық — өкімет
  • B) нарық — кеден
  • C) түбек — бұғаз
  • D) жасуша — ядро
  • E) қосу — алу

5. Химия саласына қатысты кірме сөздерді табыңыз.

  • A) валюта, банк
  • B) кальций, фосфор
  • C) сутегі, биржа
  • D) ампер, ватт
  • E) перпендикуляр, теорема

6. Орыс тілінен енген кірме сөздерді табыңыз.

  • A) мұғалім, кітап, дәптер
  • B) дос, бақыт, нан
  • C) жәшік, бәтеңке, сот
  • D) базар, неке, күмән
  • E) фонема, морфема, әліпби

7. Қай сөз дисфемизмге жатады?

  • A) қолының жымысқысы бар
  • B) мылжың
  • C) барымта
  • D) ауылнай
  • E) уәзір

8. Эвфемизмге жататын сөзді табыңыз.

  • A) найзағай
  • B) қасқыр
  • C) соқырішек
  • D) ұлыма
  • E) уәзір

9. Қай сөз грек тілінде «сыпайы сөйлеймін» деген мағынаны білдіреді?

  • A) эвфемизм
  • B) дисфемизм
  • C) табу
  • D) идиома
  • E) архаизм

10. Эвфемизм бойынша «найзағай» сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады?

  • A) отшашу
  • B) гүріл
  • C) түнгі жарылыс
  • D) жасыл
  • E) табиғат құбылысы

11. Историзмді табыңыз.

  • A) статистика
  • B) видеокассета
  • C) бәсекелестік
  • D) приказ
  • E) патша сарайы

12. Неологизмді табыңыз.

  • A) сайлау
  • B) революция
  • C) партия
  • D) заңнама
  • E) дулыға

13. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

  • A) ашық мінез
  • B) ашық терезе
  • C) ашық дала
  • D) қолы ашық
  • E) ашық әңгіме

14. Синонимдік қатарды табыңыз.

  • A) алыс, ұзақ, биік
  • B) түзу, тура, ұзын
  • C) қиын, оңай, оңаша
  • D) алтын, күміс, қола
  • E) дидар, ажар, келбет

15. Антонимді табыңыз.

  • A) азын-аулақ
  • B) майда — шүйде
  • C) мәз — мейрам
  • D) құт — береке
  • E) ертелі — кеш

16. Синонимдес диалект сөздерді табыңыз.

  • A) бәдірен, әңгелек
  • B) қаңылтыр, сым
  • C) сәкі, табшан
  • D) бастырма, қалқан
  • E) дәліз, қора

17. Тіл біліміне қатысты термин сөзді табыңыз.

  • A) шөгінді
  • B) теңдеу
  • C) қышқыл
  • D) мағына
  • E) қуат

18. Дисфемизм болатын тіркесті табыңыз.

  • A) ақсақ адам
  • B) көреген кісі
  • C) парасатты ақын
  • D) жаралы жан
  • E) бауырмал жігіт

19. Эвфемизм болатын тұрақты тіркесті табыңыз.

  • A) қолды болыпты
  • B) тілі күрмелді
  • C) ақсақ адам
  • D) қарны ашты
  • E) мылжың

20. Лингвистикалық терминді табыңыз.

  • A) сәуегей, балгер
  • B) жұлдызжорамал, тәуіп
  • C) медбике
  • D) дәріхана, жедел жәрдем
  • E) табу

21. «Архаизм» сөзінің мағынасы қандай?

  • A) жаңа сөз
  • B) аймақтық сөз
  • C) тарихи сөз
  • D) терминдік сөз
  • E) ежелгі, көне

22. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» тіркесінің мағынасын табыңыз.

  • A) қуаңшылық заман
  • B) қуғыншылық заман
  • C) жаугершілік заман
  • D) тыныштық заман
  • E) аласапыран заман

23. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз.

  • A) Жазда жазғы демалысқа шығамыз.
  • B) Түстегі оқиғаны еш түсіне алмадым.
  • C) Нағыз толған айды айдың ортасында көруге болады.
  • D) Қыс бойы малшылар шөп болмай қысылып шықты.
  • E) Ол таңертең ерте тұрды.

24. Омоним бола алатын сөзді табыңыз.

  • A) қағаз
  • B) кітап
  • C) бет
  • D) мұқаба
  • E) оқулық

25. Көп мағыналы сөзді табыңыз.

  • A) қарт
  • B) бас
  • C) жауыз
  • D) дала
  • E) қалта

Дәріс №1: Лексика туралы түсінік

Негізгі анықтама

Лексика — тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Қазақ тіл білімінде бұл ұғым көбіне сөздік құрам деп аталады.

Терминнің төркіні

Лексика (гр. lexicos — «сөздік») тіл ғылымында «сөздік» немесе «сөздік құрам» мағынасында қолданылады.

Зерттейтін сала

Тілдің сөздік құрамын зерттейтін ғылым — лексикология. Бұл атау гректің lexis және logos сөздерінен жасалып, «сөз туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.

Лексика ұғымының қолданылу аясы

«Лексика» термині өте кең мағынада қолданылады: белгілі бір мақсатқа, стильге немесе ортаға қатысты сөздердің жиынтығы да лексика деп атала береді.

  • Ауызекі сөйлеу лексикасы
  • Кітаби лексика
  • Ғылыми лексика
  • Өндірістік-техникалық лексика
  • Ресми ісқағаздар лексикасы
  • Диалектілік лексика
  • Кәсіби сөздер лексикасы
  • Терминологиялық лексика
  • Көнерген сөздер лексикасы және т.б.

Лексикология нені зерттейді?

  • Тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын.
  • Сөз байлығының құралу, толығу және даму жолдарын.
  • Сөздердің қолданылу ерекшеліктерін.
  • Мағынасы дара сөзге пара-пар келетін тұрақты тіркестерді (фразеологизмдерді).

Негізгі объект

Лексикологияның негізгі зерттеу объектісі — сөз. Сөзді морфология мен синтаксис те қарастырады, алайда лексикология сөзді ең алдымен лексикалық тұлға ретінде зерттейді.

Мағына және семасиология

Тілдегі әрбір сөздің белгілі бір мағынасы болады. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қарастырылады. Семасиология сөз мағыналарын және мағыналардың өзгеру себептерін зерттейтін сала болып табылады.

Мұғалім

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Азимбаева А. Қ.