Оқушылардың жауаптарын толықтыру
Сабақ жоспары
Елтаңба мен Ту туралы жыр
Бұл сабақта оқушылар жаңа тараумен танысып, мемлекеттік рәміздер туралы білімін кеңейтеді, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырады және патриоттық құндылықтарды нығайтады.
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап, көрсету
Көрнекілік
Тақта, оқулық, слайд
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларды жаңа тараумен таныстыру, «Елтаңба мен Ту туралы жыр» мәтіні арқылы мемлекеттік рәміздер туралы білімін кеңейту.
Дамытушылық
Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру; сөздік қорын, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Ынтымақтастыққа, патриоттыққа тәрбиелеу және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге баулу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу • Назар аударту • Психологиялық дайындық
Мұғалім
Оқушыларды сабаққа жұмылдырып, жағымды көңіл күй қалыптастырады.
Оқушылар (өлең жолдары)
Ана тілім – бала шағым, өркенім,
Ана тілім – болашағым, ертеңім,
Ана тілім – сайын далам, жер-көгім,
Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Жазба жұмыс
«Мен не үйрендім?» тақырыбына шағын эссені талқылау.
3) Жаңа сабақ
Тарау: «Туған өлкем – тұғырым»
Ассоциация әдісі
«Туған өлкем – тұғырым» дегенді қалай түсінесіңдер? Көз алдарыңа не елестейді?
Оқушылардың жауаптары
- Отанымыз, туған жеріміз, ауылымыз, өскен ортамыз.
- Өзіміз тұрып жатқан жерге деген сүйіспеншілік.
- Мемлекет, ел бірлігі, рәміздер.
Рәміздер туралы кіріспе
Мұғалім оқушылардың алдын ала білімін сұрақ-жауап арқылы анықтайды, кейін ел рәміздерін слайд арқылы көрсетіп, тақырыптың мазмұны мен мақсатын түсіндіреді.
Отан туралы мақал-мәтелдер
1) Туған жердей – жер болмас, туған елдей – ел болмас.
2) Туған жердің түні де ыстық, күні де ыстық.
3) Отан – оттан да ыстық.
4) Отан үшін отқа түссең – күймейсің, арың үшін алыссаң – өлмейсің.
4) Оқулықпен жұмыс
Мәтін: «Елтаңба мен Ту туралы жыр»
Іштей оқу
Оқушылар мәтінді түсініп, шапшаң оқиды.
Дауыстап оқу
1–2 оқушы тақтаға шығып, дұрыс әрі мәнерлеп оқиды. Қалғандары мәтінді көзбен ілесе отырып тыңдайды.
Талдау
Мәтін бойынша түсінік сұралып, ой қорыту жасалады.
5) Дәптермен жұмыс
Тапсырма 2
Мәтінге сүйеніп, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің жалғасын жазыңдар.
Бос орындар
- Ат ердің – ...
- Бергеннің ..., бермегеннің ...
- Ел аралаған ... болар.
- Отан – ... ыстық.
- ... – өлең төсегім.
Дұрыс жауаптар
- Ат ердің – қанаты.
- Бергеннің қолынан, бермегеннің жолынан.
- Ел аралаған сыншы болар.
- Отан – оттан да ыстық.
- Өз елім – өлең төсегім.
6) Сабақты пысықтау
Слайдтағы жасырын сұрақтар
Сұрақтар
- Қос пырақ қандай елдерді аралаған?
- Қыран олардан не деп сұрайды?
- Пырақ не деп жауап береді?
- Мәтіндегі мақалдар не туралы айтады?
- Елтаңбаның авторлары кімдер?
- Тудың авторы кім?
- Әнұранның авторларын ата.
Оқушылардың жауаптары
- Шығыста Амурды, батыста Дунайды, Румды аралаған.
- «Не көрдіңдер, не түйдіңдер?» деп сұрайды.
- «Көргенімізді айтсақ көп сөз. Түйгенімізді айтсақ: әркімнің өз жері – жұмақ», – дейді.
- Туған ел, туған жер туралы.
- Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.
- Шәкен Ниязбеков.
- Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов.
Қорытынды
Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырып, сабақтың негізгі идеясын бекітеді. Қорытынды ретінде төмендегі өлең жолдары оқылады:
Көк туым көтерілді, бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.
Шырқадым Әнұранды бар дауыспен,
Арманым — Ата Заңым қабылданып.
Бағалау
Белсене қатысқан оқушылар мадақталып, бағаланады.
Үй тапсырмасы
- Мәтінді түсініп оқу.
- Тақырып бойынша эссе жазу немесе сурет салу.