Отбасын құрметтеуге тәрбиелеу

Жалпы мәлімет

Қала
Астана
Мекеме
№10 «Бөбек» балабақшасы
Тәрбиеші
Ботакөз Сағындыққызы Аяпбергенова
Тақырып
Менің отбасым

Мақсаты

Балалардың «отбасы» тақырыбы бойынша қазақ тілінде меңгерген білімдерін көрсету, сөздерді сөйлем ішінде дұрыс қолдануға үйрету.

Ойындар мен мақал-мәтелдер арқылы тілге деген қызығушылықтарын арттыру, отбасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Сөздік ойын
  • Жаттығу жұмыстары

Көрнекіліктер

  • Презентация арқылы фото-суреттер көрсету
  • Ойын элементтері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Шаттық шеңбері: «Шаңырақ»

Балалар шеңберге тұрып, ортақ шаңырақ бейнесі арқылы бірлік пен отбасылық құндылықты сезінеді.

Ал, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уық болып иіліп,
Бір отбасы болайық.

Ойын: «Тілші»

«Тілші» — журналист. Мұғалім сұрақ қояды, ал балалар қазақ тілінде толық әрі дұрыс жауап беруге жаттығады.

Нұсқаулық

Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер қазақ тілінде жауап бересіңдер.

Ойын барысында балалар жаңа сөздерді қолданып, қысқа сөйлемдер құрастырады және отбасы мүшелерін дұрыс атайды.

Материалдар

Қажет болса, толық нұсқасы мен слайдтарын бөлек жүктеуге болады.