Қоңыр қозы
Сабақ тақырыбы
«Қоңыр қозы» (Т. Жұртбай). Сабақ слайдтар мен көрнекі материалдар арқылы өткізіледі.
Мақсаты (білімділік)
Мұхтар Әуезовтің балалық шағы туралы мәлімет бере отырып, оқушыларды жүйелі сөйлеуге, ой қорытындысын жасай білуге дағдыландыру.
Мақсаты (дамытушылық)
Сөздік қорын, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін және ой-өрісін дамыту.
Мақсаты (тәрбиелік)
Жазушының өмірін үлгі ете отырып, оның ұлылығы мен кемеңгерлігін дәріптеу; елін, жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Слайдтар, суреттер, қоржын.
Әдістері
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау.
Сабақ түрі
Әдебиеттік оқу сабағы (құрама жұмыс түрлері).
І. Ұйымдастыру
Кіріспе шумақ
Ана тілі — біздің туған анамыз.
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Психологиялық дайындық
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлақ не үшін керек?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Екі қолымыз не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяқ не үшін керек?
Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.
Топқа бөлу
1-топ
Табиғат жанашырлары
Өсімдіктерді қорғау идеялары.
2-топ
Қорғаушылар
Аңдар мен жануарларды қорғау.
3-топ
Қамқоршылар
Құстарға қамқорлық жасау.
Үй тапсырмасын тексеру
«Бала Абай мен Барлас ақын» (М. Әуезов) мәтіні бойынша 3–4 оқушыдан сұрау, қосымша сұрақтар қою.
Өткенді пысықтау
Венн диаграммасы: Барлас пен Байкөкше салыстыру.
«Қайталау — білім анасы» сұрақтары:
- Барлас ақынның Абайға берген батасын айту.
- Батаны кімге берді?
- Барлас ақын Абайға не үшін риза болды?
- Абайдың зеректігін неден байқадың?
- Мәтін бойынша үйде құрастырған сөзжұмбақты оқу.
- Абай туралы білгендерін айту.
- Ас піскенше Барлас ақын қандай жыр жырлады?
«Ойлы бала озар»: мақал-мәтел талдауы
Әр топ мақалдың мағынасын талдап, өз ойымен түсіндіреді.
Табиғат жанашырлары
Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ.
Қорғаушылар
Жақсы келді дегенше,
Жарық келді десейші.
Жақсылықтың уытын
Алып келді десейші.
Қамқоршылар
Қандай жақсы адамдар туралы білдің?
Топ пікірлері тыңдалады; кітаптан оқушы қыз бен оқушы баланың сөздері оқылады.
Автор және тұлғатану бөлімі
Мұхтар Әуезов туралы
Сабақта Мұхтар Әуезов туралы бейнеролик көрсетіліп, оның өмірі мен балалық шағына қатысты деректер еске түсіріледі.
Тұрсын Жұртбай туралы қысқаша мәлімет
- Туған жылы, жері: 1951 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шаған ауылы.
- Қызметі: жазушы, филология ғылымдарының докторы; абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы.
- Еңбек жолы: 1974–1990 жж. «Жетісу» газетінде, «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында қызмет атқарған.
- Қазіргі қызметі: «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры.
ІІ. Ой толғаныс: мәтінмен жұмыс
Оқушылар «Қоңыр қозы» мәтінін өз бетімен оқып танысады.
Түсінгені бойынша әр топтан бір оқушы жауап береді. Мәтін бөлімдерге бөлініп талданады.
Мұғалімнің түсіндірмесі беріледі, оқушылардың ойлары толықтырылады.
Кітаппен жұмыс
Мәтінді тізбектей оқыту. Қосымша әңгіме: балаларға ата-әжесі, әке-шешесі қалай еркелететіні туралы бірнеше оқушыдан сұралады.
ІІІ. Ойын: «Кім тапқыр?»
Берілген сөздердің орыс тіліндегі аудармасын табу.
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| Табиғат жанашыры | — |
| Қорғаушылар | — |
| Қамқоршылар | — |
| Ойын | игра |
| Ата | дедушка |
| Әже | бабушка |
| Көктем | весна |
| Үй | дом |
| Балалар | дети |
IV. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Топтық сұрақтар арқылы мәтін мазмұнын тереңдету.
Табиғат жанашырлары
- Оқиға қай кезде болған? Көктем мезгілінде.
- Мұхтардың атасының аты кім? Әуез.
Қорғаушылар
- Бала Мұхтар неге «Қоңыр қозы» деп атанған? Мінезі салмақты, ойынға онша құмар емес, томпиып отыра беретін.
- Бала Мұхтар атасымен қайда жиналды? Абай ауылына, кенжесіне бауы берік болсын айтуға.
Қамқоршылар
- Абай ауылында Мұхтар нені ерекше қызықтады? Мөлдір аспанда тізіліп ұшқан, қаңқылдаған қаздарды.
- Суретке қарап әңгімеле. Оқиғаны көрініс арқылы сипаттау.
V. «Мақал — сөздің мәйегі»
Сурет пен мәтінді сәйкестендіру
Сурет мәтіндегі қай жолдарға сәйкес келетінін табу және кітаптан дәлел келтіріп оқу.
«Мұхтар бұрыннан көзтаныс, қыстай көрмеген ауыл балаларына қосылды. Олар асық ойнап жатыр екен.»
Мақал талдауы
Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар,
Бәрінен де қой баққан озар.
Мақалдың мәні: еңбекке бейім болу, пайдалы іске ұмтылу, уақытты тиімді пайдалану.
VI. «Ұлылар — елдің ұстазы»
Мұхтар Әуезовтің шығармашылығымен қысқаша таныстыру: жазушы мұрасының қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны, оқырманға берер тағылымы.
Үй тапсырмасы
- Мәтінді оқып, мазмұндау.
- Сурет бойынша әңгіме жазу.
Бағалау
Топтық жұмысқа қатысуы, мәтінді түсінуі, сұрақтарға жауап беруі және тілдік мәдениеті бойынша қорытынды бағалау жүргізіледі.
Дәптермен жұмыс
Негізгі ұғымдар, жаңа сөздер және мәтін бойынша қысқаша жоспар дәптерге түсіріледі.