Эндо - гректің ішке деген сөзі

Химиялық реакциялардың жылу эффекті

Химиялық реакция барысында энергия алмасуы жүреді. Реакцияның жылу эффекті — реакция кезінде қоршаған ортамен жылу алмасудың мөлшері. Осыған байланысты реакциялар экзотермиялық және эндотермиялық болып бөлінеді.

Экзотермиялық реакциялар

Жылу реакция жүріп жатқан ортадан сыртқы қоршаған ортаға бөлінеді.

Белгісі: +Q — жылу бөліну

Эндотермиялық реакциялар

Жылу сыртқы ортадан реакция жүріп жатқан ортаға сіңіріледі.

Белгісі: −Q — жылу сіңірілу

Анықтамалар

«Экзо» ұғымы

Экзо — грек тілінен аударғанда «сыртқа» дегенді білдіреді. Бұл жылудың реакция жүріп жатқан ортадан сыртқы ортаға бөлінетінін көрсетеді.

«Эндо» ұғымы

Эндо — грек тілінен аударғанда «ішке» дегенді білдіреді. Бұл жылудың сыртқы ортадан реакция жүріп жатқан ортаға берілетінін көрсетеді.

Термохимиялық теңдеу

Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар термохимиялық теңдеулер деп аталады.

Жылу эффектіне әсер ететін факторлар

Химиялық реакцияның жылу эффектінің шамасы бірнеше жағдайға тәуелді:

  • Температура

    Температура өзгергенде реакцияның жылу эффекті де өзгеруі мүмкін.

  • Реагенттердің мөлшері

    Жылу мөлшері реагенттердің моль санына пропорционал.

  • Өнімнің агрегаттық күйі

    Бір заттың әртүрлі күйі (қатты, сұйық, газ) әртүрлі жылу эффектімен сипатталады.

  • Заттардың табиғаты

    Байланыстар түрі мен құрылымы жылу эффектіне тікелей әсер етеді.

Термохимиялық теңдеулер бойынша есептер

Төмендегі тапсырмалар термохимиялық теңдеулерді қолдана отырып есеп шығаруға бағытталған.

Есеп 1

Егер реакция кезінде 285,5 кДж жылу жұмсалса, қанша моль су ыдырайды?

Берілген

  • Q = 285,5 кДж
  • Q = 571,6 кДж (анықтамалық мән ретінде)

Табу керек

ν(H2O) — ?

Есеп 2

Термохимиялық теңдеу бойынша 393 кДж жылу бөлінсе, 2 г көміртек үшін бөлінетін жылу мөлшерін табыңыз.

Берілген

  • m(C) = 2 г
  • Q = 393 кДж

Табу керек

Q — ?