Мемлекеттік тілі - қазақ тілі
Жаса, жайна, Қазақстан!
Мақсаты — Отанымыздың тарихын білуге, елін және жерін сүюге, тәуелсіздікті бағалай білуге тәрбиелеу.
М. Мақатаевтан
Ең бірінші бақытым — халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым — тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші — Отан деген,
«Кім күшті?» десе біреу, «Отан!» дер ем!
— М. Мақатаев
Кештің басталуы
Балалар, бүгінгі «Жаса, жайна, Қазақстан!» атты кешімізді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан бастайық.
Отан туралы сұрақ-жауап
Біздің Отанымыз
Біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасы.
Қазақстан қандай мемлекет?
Сұрақ
Қазақстан қандай мемлекет?
Жауап
Қазақстан Республикасы — халықтың өзі басқаратын демократиялық, зайырлы, біртұтас, президенттік басқару нысанындағы мемлекет.
Тәуелсіздікке қашан қол жеткіздік?
Сұрақ
Еліміз тәуелсіздікке қашан қол жеткізді?
Жауап
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Бұл — еліміздің дербес мемлекет екенін бүкіл әлемге айғақтаған қасиетті құжат. Осы күннен бастап еліміз өз бетінше дамып келеді.
Жерінің аумағы қандай?
Сұрақ
Жерінің аумағы қандай?
Жауап
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының дәл орталық бөлігіне орналасқан. Жайық өзені Еуропа мен Азияны бөліп тұратын шекара ретінде аталады. Жерінің аумағы бойынша Қазақстан әлемде 9-орында тұр. Мұндай кең аймаққа Франция секілді 5 мемлекетті сыйғызуға болады.
Мемлекеттік тілі
Сұрақ
Мемлекеттік тілі қандай?
Жауап
Мемлекеттік тілі — қазақ тілі.
ҚР Президенті
Сұрақ
Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Жауап
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Н. Ә. Назарбаев. Оның еліміз бен халқымыздың алдында сіңірген еңбегі зор. Оның басшылығы кезеңінде халқымыз азаттық алып, егемендікке, одан тәуелсіздікке қол жеткізді.
Өлең жолдары
«Тұңғыш Президент» — Т. Молдағалиев
Шықты тарап ой данадан,
Бетқарады жұлдыз беті.
Өзі қалап, сайлап алған,
Елімнің бар президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс тартты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін
Арқалаған ардағым — ол.
Мемлекеттік рәміздер
Сұрақ
ҚР Мемлекеттік рәміздерін атаңдар.
Жауап
ҚР Мемлекеттік рәміздеріне халқымыздың тұтастығын бейнелейтін Ту, Елтаңба және Әнұран жатады.
«Елтаңба» — Т. Молдағалиев
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жал сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Қара шаңырақ — ел күні,
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы — елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.